АЩЫСОР 

АЩЫСОР — Нұра өзенінің алабындағы тұйық, тұзды көл. Қарағанды облысы Нұра ауданының орталығы - Нұра кентінен батысқа қарай 27 км жерде, Мұзбел тауының оңтүстігінде орналасқан. Аумағы 24 км2. Ұзындығы 6 км, ені 4 км, тереңдігі 0,6 м. Су жиналатын алабы 177 км2. Жауын-шашын аз жылдары аумағы кішірейіп қалады. Суы кермек, тым тұтқыр, әлсіз сілтілі келеді. Жалпы минералд. 5,6 г/л. Қарашада мұз қатып, сәуірде ериді. Жағалауы ұсақ шығанақ, түбектермен тілімделген. Көл жағалауында құрақ, қамыс, әр түрлі шөпті шалғын мен бұта өседі. Суы көктемде мал суаруға, алабы мал жаюға пайдаланылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *