Герц Густав Людвиг (1887 – 1975) – неміс физигі. 1912 – 14 жылдары Дж. Франкпен бірге электронның газ атомымен соқтығысуы бойынша тәжірибелер жасаған (Франк – Герц тәжірибелері), осы тәжірибелер қорытындысы атомдарда дискретті энергия деңгейлерінің болатынын айғақтаған, осы жайт Бор атомының кванттық теориясын тікелей растаған. Нобель сыйлығының иегері (1925 ж.).