Гальвани Луиджи (1737 – 1798) – итальян физигі әрі физиологы. 1773 жылдан бастап бақаның бұлшық етінің қозғалысын (жиырылуын) зерттей бастаған, 1786 ж. бақаның бұлшық етінен қысқа мерзімді электр тогының импульсін байқаған, ол бұл құбылысты «электр» деп атаған. Осы құбылыстан ол бақа бұлшық етінің жиырылуы онда пайда болатын электр тогының нәтижесі деп қорытынды жасаған. Бұл қорытындының жаңсақ екенін А. Вольта атап, бұл құбылыстың әрқилы металл өткізгіштердің жануар бұлшық еті арқылы жалғасуы салдарынан пайда болатынын дәлелдеген.