Волластон Уильям Хайл (1766 – 1828) – ағылшын ғалымы (медици-
на докторы). 1801 ж. И.Риттерге тәуелсіз ультракүлгін сәулені ашқан. 1802 ж. электр тогының химиялық әсерін, 1803 ж. химиялық элемент – палладиді, 1804 ж. – родийді ашқан. 1802 ж. Күн спектрінен күңгірт сызықты алғаш рет байқаған, кейін ол «фраунгофер сызықтары» деп аталып кеткен. 1804 ж. жарық бір осьті кристалдан өткен кезде пайда болатын дихроизмді ашқан.