Вин Вильгельм

Вин Вильгельм (1864 – 1928) – неміс физигі. 1893 ж. жылулық сәуле ұғымына температура және энтропия ұғымдарын енгізген, абсолют қара дененің спектрінде сәуленің максимумы температураның артуына орай қысқа толқын жағына қарай ығысатынын анықтаған (Виннің ығысу заңы). 1895 ж. О. Люммермен бірлесіп, Г. Кирхгофтың қара дене туралы идеясын дамытқан, әлгі денені іші айналы қабырғалы қуыс және сәуле кіретін әрі шығатын тар саңылауы болатын түрде іске асыруды ұсынған. 1902 ж. арналық (каналдық) сәуленің электр және магнит өрістерінде бұрылатынын (ауытқитынын), арналық сәуленің оң зарядталғандығын анықтаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *