Вильсон Чарлз Томсон (1869 – 1959) – ағылшын физигі. 1912 ж. зарядты бөлшектердің іздерін (тректерін) бақылауға әрі фотосуретке түсіруге арналған аспап – Вильсон камерасын ойлап тапқан және 1900 – 01 ж. қалың қабатты топыраққа сіңетін иондағыш сәуленің болатыны туралы ойға келген. Нобель сыйлығының иегері (1927 ж.).