АЩЫКӨЛ ОЙЫСЫ

АЩЫКӨЛ ОЙЫСЫ- Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында, 

Сарысу, Шу өзендерінің төменгі ағысында жатқан ойыс. Ол Бетпақдаланың жазықты оңт.-батыс бөлігінде ендік бағытта 80 км-ге созылып жатыр. Енді жері 25 км-дей. Өзендердің құмтасты-сазды және құмды аллювийлі шөгінділерінен түзілген. Ойыстың орта тұсында Ақжайқын және Ащыкөл көлдері орналасқан. Климаты континенттік. Қаңтардың орташа температурасы –11°С, шілдеде 27°С, жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 150 мм. Сор, сортаң және шалғынды сортаң топырағында қамыс, айрауық, ажырық, боз жусан, теріскен және баялыш өседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *