Шақшақұлы Жәнібек—қазақ тарихында Шақшақ Жәнібек, Жәнібек тархан деген атпен даңқы қалған батыр. 1693 жылы қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданы, Тосынқұм деген жерінде дүниеге келген. Тегі орта жүз құрамындағы Арғын руының Момын аталығынан шыкқан. 1710 жылғы жоңғар қалмақтарымен соғыста жаудың ноянын жекпе-жекте өлтіріп, батырлығымен көзге түскен. Арнаулы әдебиеттер мен ресми құжат деректеріне қарағанда ол Кіші жүз ханы Әбілқайырмен дос-жар қарым-қатынас жасап, оның ресей қоластына кіру саясатына тікелей қолдау көрсеткен. Хан тағына отырған Абылайға бата берген. оның ел ішіндегі беделін, қайраткерлік қабілетін жоғары бағалап, ресей патшайымы Елизавета Петровна 1743 жылы 11 шілдеде «тархан» атағын берген. 1752 жылы қайтыс болған Жәнібек тарханның денесі Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет иасауи кесенесіне жерленген.