Шанышқылы Бердіқожа батыр (шамамен 1690-1770) — жоңғарларға қарсы шайқастарда қол бастаған бас батыр лардың бірі. Ауыз әдебиеті үлгілеріне қарағанда, қазақ қолбасылары Бердіқожасыз хан кеңесін де өткізбеген, жорыққа да шықпаған. оны ұлы жүзде Төле биден кейінгі үлкен саяси қайраткер, ұлы қолбасшы мәртебесін де құрметтеген. Аягөз, Бұланты-Білеуті, Іле, Ебі, Ембі, Алакөл, Алтайдағы ұлансу, Қандысу, Айдынсу, Шар, Шорға соғыстарында Қозымаңырақ, Қоймаңырақ, итішпес, Ақшәулі маңындағы, Аңырақайдағы шайқастарда ұлы жүз жа сақтарына басшылық жасаған.