АЩЫКӨЛ

АЩЫКӨЛ — Қарағанды облысы Ұлытау ауданының солтүстігіндегі тұйық, тұзды көл.Қаракеңгір және Сарыкеңгір өзендері бастауларының аралығында, оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатыр. Аумағы 16 км2. Ұзындығы 6,6 км, енді жері 4 км. Тереңдігі 0,8 м, су көлемі 12 млн. м3. Су жиналатын алабы 117 км2. Оңтүстігі мен шығыс жағалары жарлауытты, қалған жағалары жайпақ келген. Көктемде, жазда мал суаруға пайдаланылады, күзге қарай суы кермек татып кетеді. Жағалай қамыс өскен.Көлде қаз,үйрек, аққу мекендейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *