Абылай хан (Әбілмансұр, Сабалақ)

Абылай хан (Әбілмансұр, Сабалақ) (1711-1781)—қазақтың ұлы ханы, мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломаты. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, кейін ер Есім хан, Жәңгір хан. Абылай—Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгірдің екі әйелі болған: біріншісі—қазақтан уәлибақы, қалмақтан—Тәуке хан туады. уәлибақыдан Абылай. Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болған. Тұтқындарды аямай жазалағандықтан «қанішер Абылай» атанған. Абылайдан—Көркем уәли, одан—Абылай (Әбілмансұр) туады. ол «Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолында тәрбиеленеді. Ашжалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Жаугершілік заманның талабы Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, үмбетей жыраулардың мәліметтеріне қарағанда, Абылай хан жиырма жасында қан майданда ерлігімен көзге түскен. Қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіруі абыройының өсуіне себепші болады. «Абылайлап» жауға қарсы шыққан Әбілмансұрды жеңістен кейін Әбілмәмбет хан шақыртып алып танысады. Таныса келе туысқан адам болып шығады да, кейінірек хандық тағын Абылайға (Әбілмансұр) береді. Абылай қаһар лы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани мұрасынан еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. оның «Ақ толқын», «Алабайрақ», «Шаңды жорық» т.б. күйлері сақталған. Жетпіс жасында жорықтан келе жатып, Арыс өзенінің жағасында қайтыс болған. Сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде жерленген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *