АЩЫБҰЛАҚ

АЩЫБҰЛАҚ — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Қазақстан ауылдық округі құрамында. Аудан орталығы — Есік қаласының солтүстік-шығысында 39 км жерде, Киікбай өзенінің сол жағалауында жусан аралас астық тұқымдас шөптесін өскен Қарасу жотасының солтүстік беткейіндегі тау-алдының қоңыр, қызғылт-қоңыр топырақты қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан. Тұрғыны 2,3 мың адам (1997). Ауыл 1957—97 жылдары «Қазақстан» кеңшарының орталығы болды. Оның негізіңде 1997 жылы «Голд-Продукт» жүзім зауыты ЖАҚ, «Төрткөл Мале», «Райымбек» ЖШС және 460 шаруа қожалығы құрылды. Ащыбұлақта орта мектеп, клуб, кітапхана т.б. мәдени орындар бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *