Қанжығалы қарт Бөгенбай хақында

Қанжығалы қарт Бөгенбай хақында
Қанжығалы қарт Бөгенбай сексеннен асқан шағында шаруа жайымен жапан далада жалғыз келе жатып, елдің қарасы көрінген соң «атымды таң асырамын ғой, шалдырып барайын» деп атының ауыздығын алып, айылын босатып, шылбырдан ұзын ғып ұстап, бір тасқа қисайып, шақшасын алып, насыбайын атыпты. Шақшасын тастың үстіне қойып, атын шалдырып отырғанда, айғыр мінген бір жас жігіт жетіп келіп, сәлем жоқ, сауқат жоқ:
—Әй, шал, ана шақшаңды әкелші,—депті.
Қарт Бөгенбай шынтақтап жатып, ат үстіндегі жас жігітке шақшаны ұсынады. Анау шақшадан насыбайды атады дағы:
—Әй, шал, мына шақша саған емес, маған лайықты екен,—деп саптама етіктің қонышына сүңгітіп жіберіп тұра шабады.
Қарт Бөгенбай атып тұрып: «Қап, мына баланың қор лығы-ай»,—деп атының ауыздығын салып, айылын тартып, тұра қуады. Бөгенбай осал ат міне ме, әлгіндей болмай баланы қуып жетіп, аттың үстінен жұлып алып, алдына өң геріп алады да, етіктің қонышындағы шақшаны алып, алақаны на толтырып тұрып насыбай алады да, балаға:
—Аш аузыңды!—депті. Бір алақан насыбайды баланың аузына тастап жіберіп:—Бар, әкеңе. «Бөгенбай әкемнің насыбайына тойғаным-ай» деп айта бар,—деп аттан сілкіп тастайды.
Дәулетке мастанған бай баласы есер келмей ме?! Әлгі жігіт те сол ауылдағы бір байдың баласы екен. Бала көрген-баққанын әкесіне айтып келеді. Әкесі кісінің қанжығалы қарт Бөгенбай екенін біліп, соңынан кісі жібе ріп қайтарып алады да, есер бала үшін ат-шапан айып төлеген екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *