«Күн артынан күн өтті. Кешегi соғып өткен қасiрет дауылынан кейiн қайта бас көтерген қазақ халқы елдiгiн, бiрлiгiн қорғап қалу үшiн жорыққа дайындала бастады. Сай-сайдан тарам-тарам боп ағып келiп бiр жерде қосылып, ұлы, арналы өзенге айналар қуат пен қажыр ел құдiретi деген ат тапқан. Ендi мiне, найзаларының үшкiр масағы мен дулығаларын күн көзiнде жарқыратып лек-лек кетiп бара жатқан қол ұшы-қиыры жоқ кең далада шалқыған кек шалқарындай сезiледi. Осы қасиеттi кегінің ширығуындай болып, қол үстiнде аң қалықтайды. Ұрпақтан ұрапаққа жетер, ел бiрлiгiн, iргелiлiгiн дiттеген жiгерлi «Елiм-ай» «қалың әскердi майдан даласына бастап барады».
Қаратаудың басынан көш келедi,
Көшкен сайын бiр тайлақ бос келедi.
Ел-жұртынан айырылған жаман екен,
Екi көзден мөлтiлдеп жас келедi, Елiм-ай! Елiм-ай!».
IЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН, «ЖАНТАЛАС», «Жазушы» баспасы,
Алматы, 1973 жыл, 204-бет.