Мен және менің мамандығым

Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№43 жалпы білім беретін мектептің
педагог-психологі
Балтабекова Гулнур Алибековна
8-747-700-09-39

 


Эссе
«Мен және менің мамандығым»
Мен бұл мамандықты неге таңдадым? Ол жан-жанқты зерттейді.
Менің өмірдегі басты мақсатым – балалар өмірге еш қорқынышсыз, зұлымдықсыз қарап, олар алдарында бір ғажап жұмбақтың шешімін табатындарына және де алда ашық жарқын күндер күтетініне сенсе екен деймін.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.
Менің басты бағытым, өмірге еш өшпенділіксіз, қорқынышсыз қарауды балалардың санасына жеткізу. Балаларды алға ұмтылуға, алда ғажайып нәрселердің бар екендігін, жақсы өмірдің кілтін аша алатындарына сендіру.
Оқу бітірген соң мен №43 ЖББ мектепке мамандығым бойынша педагог-психолог болып жұмысқа орналастым. Бірте-бірте менің өзіме және басқада адамдарға деген көз қарасам өзгере бастады. Сөйтіп мен көптеген адамдарға, біздің балаларымызға тек қана физиологиялық емес, сол сияқты психологиялық көмектің қажет екенін түсіне білдім. Бұл мамандық ерекше саналады. Өйткені күні бойы көптеген адамдардың басынан өткендерін, олардың қиындықтарын, қуаныштарын тыңдап, оларға ақыл кеңес бере отырып қолдау көрсету керек. Сондықтанда бұл мамандықты әр адам әр қалай түсінеді.
Мен үшін психолог мамандығы не? Ол кең мағыналы. Мен – дем берушімін.
Мен әр кезде өз әлемімді балалармен бөлісуді, оларға дем беріп, олардың жан-дүниесіне үңіліп, олардың бүгіп, ұялып, сыртқа шығара алмай жүрген ойларын іске асыруға ұмтылдырамын.
Мен оқушылардың, балалардың күнделікті өмірден бір сәтке болсада шығып, өздерін жаңа қырдан танып, өздерін жақсы қырдан көрсете алуларын айтып, өмірдің әр сәтін тек жақсылыққа, артынан өкінбейтін жақсы істер жасауына, жастық шақтарын босқа өткізбей, өмірден дұрыс жол таңдап, тек қана алға ұмтылуларын қалаймын. Осы жерде ұлылардың «Өзіңді біл, таны, аш сол кезде әлемімді де біліп, аша аласың» сонымен қатар «Жаныңды ұсақ уайым, болымсыз қам-қарекет дертімен былғанудан сақтаңыз» деген нақыл сөзді айтқым келеді.
Мен – жол көрсетушімін. Қасында келе жатқан адам, Біз кей уақытта өзімізді жалғыз қалғандай сезінеміз. Сондай кездерде ойымызды алыстағы адамдарға жұгіртіп, солай іздейміз. Бірақ менің мақсатым бала тек қана өзінің жанындағы адамды іздеп тауып, сол адаммен өзінің көніл-күйін, ішкі сезімін, жан-дүниесімен бөлісіп өзін босқа кіналай бермей, сол адамнан қолдау тапса деймін.
Мен психологты «құтқарушы» мен салыстырамын. Мен өтінішті күтпеймін. Өйткені мына әлемдекөптеген адамдар жайдан-жай көмек сұрай алмайды. Менің мамандығымның жауы-басқа адамның қайғысына бей-жай қарау. Қандай жағдай болмасын, мені ойланбастан сол адамға әрқашанда көмек көрсетуге дайын тұрамын.
Мен –мұғаліммін. Мен күнделікті ұсақ-түйек шаруаға күш жұмсауға үйретіп, өзіңнің ішкі дүниендегң ғажайыпты көре білуге үретемін. Әлем айна сяқты, әр күн сайын өз бейнеңді көріп тұрасың, өз мойныңа жауапкершілікті ала білуге, берген уәдеңде тұруды үйретемін. Менің өзіме деген сенімімді жоғалтқандай сезінген кездерімде, жұмысқа деген құлшынысым азайғанда мен «Алланың адамға берген ең үлкен сыйы, оның өмірі» екенін есіме аламын. Адам кей уақытта өзіне деген сенімін жоғалтып, күйзеліске ұшырасада, өмірге деген сенімін, құштарлығын жоғалтпай, тоқтамастан тек қана алға ұмтылуы керек екнің ұмытпауы тиіс. Қандай қиын жағдай болсада бар күш-жігерін жинап, алға ұмтылса ғана барлығы, жеңіп, жүрегінде де, жан-дүниесінде тыныштық орнай тынына, барлығы тек жақсы болатынына сенуі керек. Менің мамандығым –оқытушы. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімненарамандадым. Адам баласына көмектесу – игіліктіістердің бастысы. Мен өз мамандығым арқылы көптеген адамдармен танысып, оларға қолымнан келген көмегімді көрсетіп жатырмын. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтаныш тұтамын.
Балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, сана-сезімдік, дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбие сіңіруші адам – мұғалім. Ал, жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде қателескен, бұрмаланған тұстарына әділ баға беретін, толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп, жатқан өзгерістердің мәнін түсіне білу ең алдымен сіздерге, яғни жас мамандарға аса көп күш салады, — десек болады.
«Жақсы мұғалім – маған әр уақытта қымбат, өйткені ол мектептің жүрегі» — деп ағартушы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, мектеп үшін ең керегі –жақсы мұғалім. Кез келген мұғалім өзін жақсы жағынан көрсету үшін жан-жақты, ұйымшыл, ізденімпаз және сауатты болуы шарт. Қорытындылай келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: белгілі педагог К.Ушинскийдің «Мұғалім – өзінің білімін үзіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген және С.Торайғыровтың «Адамның ең ұлы қасиеті бақытты болуға ұмтылу» дегім келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *