Баланың билігі
Кіші жүздің Жарабай деген жуан тұқымы қыпшақтың бір адамын өлтіріп, теңдік бермейді. Бір жолы қыпшақтың талапкерлеріне ілесіп жас бала барады.
Сонда Жарасбайдың даугері:
—Бұл келіннің тойы, кемпірдің өлімі емес, ердің құнын, нардың пұлын даулайтын, ердің арын, елдің намысын қозғайтын үлгілі би, үнемі жүйрік түсетін жер емес пе? Түйенің тайлағы баланың ойнағандай мыналарың кім?— дейді.
Сонда бала:
—«Ердің құнын жастың жайсаңы, кәрінің шайтаны даулайды» деуші еді. Сен кәрінің шайтаны болсаң, мен жастың жайсаңымын. Төріңнен көрің жуық қалғанда, дауға араласатын сенің не жөнің бар?—дейді. осындай билік айтқан баланың аты—Төле екен. Кейін Төле би атаныпты.