Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі

Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі

Міндеттемелер – бір адамның (қарыз алушы) басқа адамның (қарыз беруші) пайдасына айқын әрекет істеуге міндеті: мүлкін беру, жұмысты орындау, ақша беру және т.с.с., ал қарыз беруші қарыз алушыдан оның міндеттемелерінің орындауын талап ете алады.
Міндеттемелер ағымдағы және ұзақ мерзімді болады:
А) ұзақ мерзімді міндеттемелер – оған банктердің жедел кредиттері мен ұзақ мерзімді қарыздар жатады (бір жылдан ұзақ)

Кредиттеу (қарыз беру) ол қайтарым шарты негізінде ссудаға берілетін капиталдың жылжуы. Оның төлемі ретінде ссуданың проценті алынады.
Кредит есебі «Қарыз берудің» 3000 бөлімшенің пассивті шоттарында жүргізіледі, оған кіреді:
-3010 «Банк қарыз беруі» бұл шотқа субъект 3010 – «Қысқамерзімді банк қарыз беруі», 4010 – «Ұзақмерзімді банк қарыз беруі» ашылады.
-3020 «Банк емес мекемелерден қарыз алу»
Б) Ағымдағы міндеттемелер
Ағымдағы міндеттемелерге банктердің қысқамерзімді кредиттері (бір жылдан аспайтын), қысқамерзімді қарыз берулер және кәсіпорынның кредиторлық қарыздылығы.
Банктердегі қысқамерзімдегі кредиттер мен қарыз берулер, сонымен қатар ұзақмерзімді кредиттер мен қарыз берулер есебі «Қарыз берудің» 3000 бөлімшесінің пассивті шоттарында жүргізіледі.
Сол шоттардағы қалған сальдо ағымдағы периодтың сөндірілмеген қарыздылықтың соммасын көрсетеді.
Дебет бойынша айналымдар – кредитта алынған соммалар.
Кредиттің аналитикалық есебі кредиттің түрі бойынша сол кредитті берген банк, кәсіпорын немесе кредитормен жүргізіледі.
Ағымдағы міндеттемелерге болашақтағы период табыстары жатады. Келешектегі период табыс есебі 3510 «Болашақтағы период табысы» пассивті шотта жүргізіледі: оған есепті периодтағы алынған табыс, бірақ келесі есепті периодқа жататын табысқа жататын табысты айтады.
3510 шотында кәсіпорынға алдын ала төленген коммуналдық қызметтер, арендалық төлем, автомобильді жүк және пассажирлік тасулар, тауарға төлем және т.б. төлемдер есепке алынады.
Берілген шотта өткен жылда анықталған жетіспеушіліктер, ұрлаулар, жұмсаулар бойынша қарыздылықты қайтару бойынша есеп жүргізуге болады.
3510 «Болашақтағы период табысы» шоты бойынша аналитикалық есеп табыс түрі боынша арнайы ведомостьта жүргізіледі.

Дивиденттер бойынша есептеулер

Дивидендтер – табыстың Уставтық Капиталдағы бөлігіне сәйкес акционерлер арсында бөлінуі.
Дивиденттер бойынша есептеулер 62-«Дивиденттер және жай акция бойынша есептеулер» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған негізгі үш пассивті шот жатады:
-5020 «Жай акция бойынша есептеулер»
-5010 «Привилегияланған акция бойынша есептеулер»
Привилегияланған акция иелері табысқа байланыссыз дивидент алуға құқығы бар. Жыл соңында акционерлер арасында бөлуді уставтық капиталда жазылған ретке сай 3030 «Қатысушылар табысы бойынша есептеулер» шотында орындалады.
Бюжетпен есеп алуы бойынша операциялар есебі
Кәсіпорынның бюджетпен есеп алуы 3100 «Бюджетпен есеп алу» бөлімшесі шотында есепке алынады. Оған кіретін:
-3110 «Төлемге арналған корпоративті кіріс салығы»
-3130 «Қосылған құнға салық»
-3140 «Акциз»
-3210 «Әлеуметтік салық»
-3160 «Жер салығы»
-3180 «Мүлікке салық»
-3170 «Көлікке салық»
-3190 «Басқа салықтар, жинаулар және бюджетке міндетті төлемдер»
Олардың ішінен жанама салыққа – қосылған құнға салық пен акциз, ал тура – қалғандары жатады.
Кәсіпорындар есептеулер тәсілі бойынша салық салу және салық салумен байланысты объектілерді анықтайды.
Жабдықтаушы мен мердігер есеп алу
Жабдықтаушы мен мердігермен есеп алу 3310 «Төлемге шот» шотында жүргізіледі. Онда жабдықтаушылардан алынған ТМЦ мен жүргізілген жұмыстар және көрсетілген қызметтер есептелінеді.
Еңбекті төлеу өнімнің өзіндік құнына кіретін элементтің біреуі.
Еңбекті төлеу негізгі (факт бойынша жұмыс істелген уақыт) және қосымша (демалысты төлеу, мемлекеттік және қоғамдық міндеттер атқару кезіндегі төлемдер) болады.
Еңбекті төлеу кәсіпорындағы істегі еңбекті төлеу жүйе бойынша ақшалық немесе натуралдық түрінде төленеді.
Еңбекті төлеуге жұмысшының дивидент және процент бойынша кірістер саналмайды.
Еңбекті төлеу әртүрлі болады:
— индивидуалды келісімді еңбекті төлеу жұмысшының белгілі баға бойынша жасалынған өнім немесе қызметпен саналынады.
— бригадалық келісімді еңбекті төлеу – бригаданың еңбек нәтижесі
— жанама-келісімді төлеу — қызмет етілетін негізгі жұмысшылар төлемдерінің қосымша жұмысшылардың төлемі оның процентімен есептелінеді.
— келісімді-премиалды еңбек төлеу жүйесі – шығарылған өнім үшін төленетін ақы және айқын көрсеткіштерге жеткен үшін премия төленеді.
— аккордтық — белгілі выработка нормасын орындаған кезде төленетін ақы
— жай уақыттық төлеу жүйесі – сағаттық, күндік, айлық тарифтер бойынша төленеді.
Бақылай сұрақтары:
1. Міндеттемелер түрлері?
2. Ағымдағы міндеттемелер: қысқамерзімді кредиттер шотындағы сальдо және айналым дегеніміз не?
3. Дивидент туралы есептеулер қалай жүргізіледі?
4. Бюджетке төлеулер операцияларқы қалай есептелінеді?
5. Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есептеулер қалай жүргізіледі?
6. Персоналмен еңбекті төлеу қалай болаыд? Орташа ақы деп нені түсінеміз?
7. Еңбек ақы фонды?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *