Нарықтық экономикаға көшу жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу
1) Дүниежүзілік бағалар және олардың түсінігі
2) АҚШ, Жапония, Франция елдеріндегі бағаның қалыптасуы

1) Экономикасы нарықтық экономикаға негізделген жекелеген елдер бағаларының қандай мемлакеттік реттеуі ережелері мен әдістері көмегімен жүзеге асыратындығын қарастырайық. АҚШ — та ішкі нарықтығы көтерме және көрнекті бағалардың өсу қарқыны 70 жылдары байқалды. Сырғымалы инфляция қарқынды инфляцияға өтуі елдің экономикалық стратегиясынын модификациялау қажеттілігі себеп болады. Мемлекеттің инфляцияны жеңілдетіп төмендету, инфляцияны жеңулі бірінші бағаларға тікелей бақылау әдісін қолданды.
1981 ж. АҚШ президенті мұнай және мұнай өнімдері бағаларын ішкі бақылауда алып тастады. Өзінің шешімін ол былай түсіндіреді:Бағаларды бақылау өндірісті жеделдетуге қатар туғызып отырады.
Дамыған нарықтық экономикалық елдерде бағаны қалыптастырудың жалпы қағидаттары мен әдістері жасақталынған. Мемлекеттік ұйымдар ұлттық экономика үшін шешуші маңызы бар тауарлар мен нақты қызметтерге нақты баға белгілеу қызметін, сондай-ақ бағаны реттеу мен оған бақылауды жүзеге асыруды өзі атқарады. Әр түрлі елдерде өнімдер мен қызметтерге бақыланатын бағалар үлесі 10%- дан 30%-ға дейін ауытқидыБағаны мемлекеттік реттеу өндірушілердің монополизмін, шикізат пен отын — энергетика ресурстарына, алғашқы қажеттіліктегі (бірінші қажетті) тауарларға бағаның бірден (күрт) өсуін болдырмау, қалыпты бәсекелестік үшін, жағдайлар жасау үшін жүзеге асырылады. Мемлекет тарапынан өндірушілерге ықпал етудің шаралары тікелей (баға белгілеудің белгілі ережелерін анықтау жолымен), жанама (қаржы-несие механизмі, еңбекақы төлеу салық салу сияқты экономикалық тұтқалар арқылы). Көптеген дамыған мемлекеттерде заңдар, жарлықтар, қаулылар түрінде бағаны мемлекеттік реттеудің құқықтық негізі жасалынған. Бағалар, олардың деңгейі мен динамикасы туралы статистикалық ақпараттар жариялау жолға қойылған. Бұл мәліметтер табыстар деңгейін реттеу мен оларды индексациялау пайдаланылады. Бірде-бір ел өнімдердің бағасын, соған орай негізгі азық-түлік өнімдердің бөлшек сауда бағасын мемлекеттік реттеусіз өз іс-әрекетін жүзеге асыра алмайды.
Бағаны мемлекет тарапынан реттеу фермерлік бағаларды қолдау түрінде жүзеге асырылады, яғни ұлғаймалы ұдайы өндіріс үрдісін қамьамасыз ететіндей табыстар мен қор жинауды қамтамасыз етуі тиіс.
Ұлттық бағалардың әлемдік бағалардан пайыздық басым болуы түріндегі қолдау деңгейі жоғары болып табылады. Мысалы: Еуропа Одағы бойынша 23%-28%, Швейцария-50%, Швеция-30%-35%, АҚШ-40%, Жапония-40%. Көптеген елдер сыртқы нарықтың әсерінен ішкі экономиканы қолдау саясатын жүргізеді, атап айтқанда, сыртқы және ішкі бағалардың деңгейі мен ара-қатынасының сейкестілігін қадағалау жолымен, ішкі нарыққа келіп түсетін тауарлар көлемін реттеу арқылы жүзеге асырылады. Негізінен бағаларды бақылау бағаөзгерісін және бағаға қатысты заңдардың сақталуын қадағалау түрінде жүзеге асырылады. Бағаға қатысты заңдарды, баға белгілеу мен бәсекелестік мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік актілерді бұзған жағдайда көптеген елдерде қатаң экономикалық санкциялар қолданылады. Ерекше әлеуметтік маңызы бар салалар мемлекеттің бақылауында болады. Атап айтқанда, отын-энергетика кешеніңдегі бағалар, дәрі-дәрмектердің, негізінен азық-түлік тауарларының бағалары, темір жол, пошта, телеграф тарифтері. Азық-түлік бағаларының еркін ауытқуына жоғары және төмеңгі шек аралығындағы «коридор» шегінде ғана жол беріледі. Бағаны мемлекеттік реттеу әдістеріне ұлттық ерекшелікте, шикізат ресурстарының болу-болмауы, саяси факторлар, әлемдік еңбек бөлінісіндегі елдің орны әсер етеді.

2) АҚШ. АҚШ-та 70-ші жылдардың басынан бастап инфляцияны ауыздықтау мақсатында бағаны тікелей реттеу әдістері қолданылады. Бағаны орталықтан бақылау жүзеге асырылады. Дегенмен баға мен еңбекақыны тоқтатып тастау капитализмнің салааралық ағылуын шектеді, инвестициялық белсенділікті бекітеді, іскерлік белсенділікке кері әсерін тигізді, табыстардың өсуін ұстап қалды. Осыған байланысты 70-ші жылдардың ортасынан бастап бағаны тікелей бақылау өзгертілді. Баға негізінен мұнай-газ секілді энергия көздеріне ғана тертелетін болды. Ал 80- ші жылдардан бастап мұнай мен мұнай өнімдеріне ішкі бағаны бақылау өзгертілді. Қазіргі кезде АҚШ-та бағаны тікелей реттеу тауар топтарының шектелген түрлері бойынша ғана жүргізіледі. Барлық күш елдегі экономикалық жағдайларды жалпы жақсартуға ықпалын тигізетін нарықтық тұтқалар мен реттеудің жанама әдістерін белсенді пайдалануға жұмсалады.
Франция. Бұл мемлекет өнеркәсібі дамыған елдердің ішінде 1947-1986 жылдарға дейін бағаны мемлекеттік реттеудің қатаң тәртібін қолданған бірегей мемлекет болып табылады. Қазіргі кезде баға белгілеудің еркін қағидаты қолданылады. Сонымен бірге мемлекет ауыл шаруашылық өнімдеріне: газға, электр энергиясына, транспорттық қызметтерге бағаны тікелей реттеу әдістерін қолданады немесе бәсекелестік жағдайда бағаларды бақылауды жүзеге асырады. Францияда бағалардың 20%-ын мемлекет реттейді, ал қалған 80%-ын еркін нарықтық баға тәртібінде. 40-жылдарға жуық баға мемлекет тарапынан қатаң реттеліп келді. 1986 жылдан бастап мемлекеттік бақылаудан өндірілген өнімдердің бағасының 80%-дан астамы босатылды.
Жапония. Бұл мемлекетте баға белгілеу мәселесімен Экономикалық жоспарлау басқармасының Баға департаменті айналысады. Оның қызметтері: сұраныс пен ұсыныс тенденциясын зерттеу, монополияға қарсы заңдардың сақталуын бақылау, тауарлар бағасы деңгейі мен динамикасын қадағалау, сәйкес қаржы саясатын жүргізу жолымен сұранысты қажетті деңгейінде ұстап тұру. Мемлекет күріштің, бидайдың, ет пен сүт өнімдерінің бағасын, темір жол тарифтеріне, электр энергиясы мен газдың, білім беру мен медициналық қызметтің бағаларын реттейді. Реттелетін тұтынушы бағаларының үлесі 20%-ды құрайды.
Экспорттық және импорттық тауарлар мен қызметтерге қойылатын ұлттық және сыртқы сауда бағаларының жүйесі. Сыртқы сауда бағалары және олардың сыныптамасы: бағаға тасымалдау және басқа жеткізу шығындарын (ФАС — кеме бортының бойында босатылды, ФАБ – франко борт, КАФ – құн және тасымал, СИФ – құн, сақтандыру, тасымал) қосуға байланысты басқа факторларға байланысты: биржадағы баға белгілеу, аукциондар, сауда-саттық, анықтамалық баға, нақты мәліметтер бағасы, келісімді бағалар.
Экспорттық және импорттық тауарларға ішкі бағалар, оларды қалыптастырудың принциптері (қағидалары) мен әдістері, экспорттық және импорттық үстемелер, сараланған валюталық коэфиценттер, олардың мәні және есептеу әдістері.
Орталықтандырылған валюталық қаражаттар мен несиелік қорларға сатып алынған және Қазақстан Республикасына импортталған өнімдердің бағасын анықтау тәртібі. Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінетін өнімдердің бағасын есептеу әдістемесі.
Сыртқы сауда бағасына мемлекеттің әсері экспорттаушыларды салықтан босата отырып, экспортты мемлекеттің марапаттауы арқылы жүргізеді. Кейбір елдерде – экспорттвқ субсидия, жеңілдетілген несие мен транспорттық тарифтерді беру арқылы жүзеге асады. Ішкі бағаны мемлекеттің тікелей реттеуінің бірден-бір тиімді инструменті импортқа шектеу және кеден салығын төмендету болмақ. Ішкі рынокты шетел бәсекелестігінен қорғау, импортталған тауар бағасына кедендік мөлшер дәрежесінде әсер ету ұсынымды шектеуге әкеледі. Сондай-ақ ішкі рыноктағы бәсекелестікті бәсендетіп, импортталатын тауарларға бағаны көтеріп, отандық өнім өндірісі бағасына әсері болады.
Бағаны босату баға белгілеу үрдісіне мемлекетің толық араласуын емес, тіклей араласу саясатынан нарық пен бағаға ықпал етудің жанама әдістеріне көшуді білдіреді. Сондықтан бағаны босату туралы қаулы мен бірге өкіметтегі баға бәсекелестігі туралы қаулыда қабылдады, ол қаулы өндірушілердің, эмпорттаушылардың көтерме және бөлшек саудагерлердің қандайда болсын одақтарын құруға тыйым салды. Сонымен бірге мерзімді ауыл шарушылық өнімдеріне, халық тұтынатын тауарлар мен қызметтерге ең төменгі бағалар туралы немесе нұсқаулық бағалар туралы келісім-шарт жасауға тыйым салынды.
Сыртқы сауда бағаларында тауарға баға белгілегенде мынадай заң ережелерін орындауы керек:
1. Бағаны белгілеп қою – сатушылар бағаны бәсекелестермен алдын-ала келіспей белгілеуі керек. Керісінше жағдайда оларбаға туралы келісіп қойған деген сезіктену туындайды.Бағаны белгілеп қою заңсыздық,және мемлекет оны қорғау үшін ешқандай себептерді қабылдамайды.Баға туралы келісу қайсібір мемлекеттік органдардың бақылауымен орындалғанда ғана болуы керек. Мұндай жағдай жүйеленген көлік компанияларында жәңе көкөніс пен жеміс өндіретін кәсіпорындарында кездеседі.
2. Бөлшек сауда бағаларын белгілеу- өндірушінің дилерден өз тауарын қайсібір нақтылы бөлшек сауда бағасымен сатуды талап етуге құқы жоқ.
a. Бағаны жоғарлату- фирмалар үкіметінің бағалар деңгейін бақылауға алған кезеңдерінен басқа уақыттарда бағаны кез-келген деңгейге дейін көтеруге құкы бар. Бастапқы баға белгілеу тәжірибесінен шығарылу негізінде, тек коммуналдық шаруашылықтың жүйеленген салалары үшін ғана қолданылады. Бұл қызметтер монополиялық болғандықтан, олардың қызметтерінің бағасы қоғам мүддесінде жүйеленеді. Кейбір уақыттарда негізгі өндіріс жұмыс салаларында ұсыныстардың жеткіліксіздігінен инфляциядан бағаның секіруін болдырмас мақсатында үкімет өз ықпалын пайдаланады.
Отын-энергетикалық кешеніндегі баға қалыптастыру ерекшеліктері. Отын өндіру кәсіпорындарының бағалары. Көмірге бағаны саралау: бассейндер бойынша: тағайындалуына, жылыту қабілетіне, күкірт, күл құрамына қарай. Сараланған тау рентасына баға белгілеу есебі. Мұнай өнеркәсібіндегі баға жүйесі (мұнай өндіру, мұнай өңдеу). Шикі мұнайға әлемдік бағалар және олардың ішкі бағалармен байланысы. ҚР-ның бас мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау тарифтерін есептеу әдістемесі. Бір мөлшерлемелі тариф құрылымы. Халықаралық стандарттарға сәйкес тарифтік методологияны жетілдіру бойынша ұсынымдар. Екі мөлшерлемелі тариф: «пошта маркасы» тарифі мен меншікті тариф «нарықтық», келісімді және ұзақ мерзімді тарифтер.
Отандық мұнай өңдеуші кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін жоғарылатуға және баға белгілеуді жанама реттеу. Мұнай өнімдері нарығын реттеудің негізгі тетіктері: дайын өнімге қойылатын экспортты-импорттық баждардың мөлшерлемесі, ішкі нарыққа жеткізімімінің көлеміне байланысты мұнай экспортын квоталау, акциз мөлшерлемесі.
Мұнай өңдеуші зауыттарға өңделетін мұнайдың шекті құның антимонопольді органдармен реттеу. Мұнай өніміне акциздік алымды реформалау: бөлшек баға кәсіпорындар мен мұнай өңдеу зауыттары арасында акциз мөлшерлемесін деңгейімен бөлу.
Газға баға. Газды тасымалдау тарифін анықтайтын факторлар. Газды мемлекет ішінде және одан тыс аумақта тасымалдау мен өткізудің тарифтік саясаты мемлекеттік реттеудің мәні.
Экспорт пен импортқа газды тасымалдау тарифтерін реттеудің проблемалары. Төмен газдың көтерме және бөлшек бағасы. Төмен газды тікелей өткізумен айналысатын кәсіпорындардың шығындарын реттеу проблемалары. Отынның әртүрлі түрлерінің сапасы және өзара алмастырушылық жағдайлары, оның бағаға әсері.
2) Электр және жылу энергиясының тарифі, оларды есептеу қағидалары. ҚР-ның электро-энергетикалық саласының экономикалық жағдайы; отын және электроэнергиясы шығындарын қалыптастыру ерекшелігі, электростанциялардағы энергияның өзіндік құнының динамикасы (серпіні) мен деңгейі, электроэнергияның көтерме және бөлшек сауда нарықтарының даму ерекшелігі, ҚР-дағы электроэнергетикадағы бағаны мемлекеттік реттеу.
Электроэнергияны электр желілері арқылы беру қызметтерінің тарифтері мен энергия өндіруші кәсіпорындарының бағасын қалыптастыру әдістемесі.
ААҚ «KEGOK» қызметтерінің 3 мөлшерлемелі тарифі, электр желілерін басқару, оның құрамын талдау. Электр қуатын көтерме нарықтың ЖАҚ «КОРЭМ» операторының қызметіне тариф.
ҚР-ның аймақтық электро желілік компанияларының электрожелілерімен электроэнергия тасымалдау қызметіне тариф. Осы қызметке 2 мөлшерлемелі тариф , оны талдау. Шетелдік тарифтерді қалыптастыру әдітемесімен салыстыру.
Қара және түсті металл қойылтпасы (концентрат) мен рудасының бағалары, олардың саралануы.
Мырыш, болат, прокат, трубалардың әлемдік, көтерме, дайындаушы кәсіпорындардың жіберілім бағалары. Металл сапасы (күкірт, құрамы, т. б.) жаңа әзірленген металл, сынықтар, қалдықтардың бағаның бағаның арақатынасы. Түсті металлдардың бағасы. Түрлі-түсті металлдардың (мыс, қорғарсын, мырыш, алюминий) бағаның арақатынасы. Металлдар мен олардың ауыстырушылардың бағасы.
Бағаны шектеу немесе мемлекеттік емес секторда жоғарылау шегін белгілеу — әкімшілік шаруашылық реттеудің кең тараған құралы. Ол өте сирек қолданылады және ереже бойынша нарықтық шаруашылық жағдайында ұзақ мерзімді және орта мерзімді кезеңдерде тиімсіз болып табылады. Ол көбіне ерекше жағдайларда әлеуметтік қобалжуды төмендету құралы ретінде қолданылады.
Белгілі тауар бағасына бақылауды ұлттық органдар жүргізеді. Мұның мвсалына көмір мен болаттың Еуропалық бірлестігінің (ЕОУС) көмір мен қара металлдарға баға белгілеуін, Еуропалық Одақ ішіндегі транспорттық тарифтер мен салықтарды белгілеу шараларын, Еуропалық Одақтағы ауыл шаруашылық өнімдеріне сатып алу бағаларын жыл сайын белгілеу, әуе және теңіз тасымалдау тарифтері, тауарлардың жекелеген түрлері бойынша ұйымдардың, конфедерацияларға елдердің қатысуын жатқызуға болады.
Тасымалдау тарифі транспорттық өнім бағасы түрінде. Тасымалдаудың өзіндік құны: құрамы, құрылымы, факторлар. Көлік түрлері бойынша: жүк түрі, қашықтық қозғалыс бағыты. Тасымалдау тарифтерін құру қағидалары 2 мөлшерлемелі тариф, оны құру әдітемесі.
Жүк тасымалының оның реттелетін тарифі, оны қалыптастыру тәртібі. Ішкі республикалық және және мемлекетаралық жүк тасымалының қолданыстағы тарифі, оны анықтау әдістемесі. Тарифтердің экономикалық басқа салаларындағы шығын деңгейі мен бағаға әсері.
Жүк санаттылығы – икемділік коэфициентінің өлшемі бойынша нарықты сегменттеу қағидасы. Жүк санаттары:
1-санат – икемділіктің төменгі коэфициенті 20%-70%.
2-санат — икемділіктің орташа коэфициенті 8%-20%.
3-санат — икемділіктің жоғары коэфициенті 8%-дан төмен.
Темір жол көлігінің тарифін мемлекеттік бағалық реттеу. өнім өндірушілердің ұсынатын шегерімдері.
Бекітілген тарифтер есебіне сәйкес жолаушылар тасымалын республикалық және жергілікті бюджеттен субсидиялау.
«Темір жолды» қайта құрылымдау және өзгерту. Ұзақ мерзімді және икемді келісімді тарифтерді қалыптастыру.
Автомобиль көлігінің жүк тарифтерін құру ерекшеліктері, саралау қағидалары. Мемлекеттік автокөлік кәсіпорнының еркін тарифтері. Қалалық жолаушылар көлігінің қызметін жергілікті атқарушы органдардың реттеуі.
Су көлігінің жүк тарифі, оларды қалыптастыру ерекшелігі, саралау. Негізгі қызметтер мен жұмыстарды мемлекеттік реттеу. Транзиттік жүктерді ауыстырып тию төлемдері мен мөлшерлемелеріне төмендетуші коэфициенттерді қолдану.
Әуе көлігіне аэронавигациялық қызмет көрсету тарифтерін қалыптастыру қағидалары. Тарифтерді есептеу әдістемесі: өзіндік құнға енгізілген шығындарды тікелей және жанама деп бөлу, пайда мөлшерлемесі мен тарифтік пайданы анықтау. Аэронавигациялық қызмет көрсетуге тарифтерді есептеу формулалары.
Автомобиль көлігіне жоғары оңтайлылық деңгейі мен жүк тасымалдау жылдамдығы тән. Оның артықшылығы – жүкті ауыстырып тиюсіз бір қоймадан екінші қоймаға жеткізу. Автомобиль көлігінің тиімділігі тасымалданатын жүк түріне, жол торабының жағдайы мен дамуына тәуелді.
Автомобиль көлігіндегі жүк тарифі барлық көлік түрлеріне ортақ болып табылатын тарифтерді бекіту қағидаларына сәйкес қалыптастырылады. Тарифтер тасымалдың өзіндік құнын өтеп, автомобиль көлігі кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қалыпты жұмыс істейтіндей деңгейде пайда алуын қамтамасыз етуі керек.
Автомобиль тасымалын өзіндік құны басқа көлік түрлерімен салыстырғанда жоғарылау. Бұл автомобиль көлігінің аз жүк көтерімімен, қозғалысқа қажет біршама энергия шығындарымен, жалақының жоғары деңгейімен байланысты. Сонымен қатар, тасымалдаудың өзіндік құны жол және климат жағдайының айырмашылықтарына, жүк түріне, жүк ағымының сипатына, өзгермелі құрылым тұрпатына қарай да өзгереді. Өзіндік құнға жалақы, жанармай мен дизель отыны деңгейіндегі аймақтық айырмашылықтар да әсер етеді.
Автомобиль көліктерінің тарифтері автомобиль көлігі кәсіпорнымен дербес орнатылады.
Автомобиль көліктерінің жүк тарифтері кесімді, мерзімді, қалааралық және халықаралық қатынастағы тарифтер болып бөлінеді.
Кесімді тарифтер тасымалдаудағы негізгі тариф түрі болып табылады. Олар барлық жүк тасымылына қолданылады.
Автомобильдің жүк көтеріміне қолданылуына қарай кесімді тарифтер төрт түрге бөлінеді. Автомобильдің жүктемесі жоғарылаған сайын, жүк тасымалының тарифтік мөлшерлемесі төмендейді.
Мерзімді тарифтер тасымалдау қашықтығы мен тасылатын жүк көлемін анықтау қиын немесе мүмкін емес болған жағдайда қолданылады.
Мерзімдік тарифтер бір жұмыс сағатына немесе жүк көтеріміне байланысты автомобильдің әрбір бір километр жүрісіне байланысты анықталады.
Тарифке жүкті мамандандырылған автомобильде тасымалдағаны үшін үстемақы қосылады.
Сонымен қатар, жүкті тиеп-түсіру, қосымша қадағалау мен қоймалық қызмет сияқты үстеме жұмыстарға алым алынады.
Ауылшаруашылық өндірісіндегі өнімдерге деген баға қалыптасудың ерекшеліктері. Агроөнеркәсіп кешенінің үйлесімді немесе балансталған дамуының проблемалары мен бағалары. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға белгілеу ерекшелігі. Баға құрушы факторлар. Мемлекеттік азық-түлік корпорациясының атқарымы. Ауыл шаруашылығындағы еркін және реттелетін бағалар, бағалар түрлері:минимальді кепілдібаға, мақсатты, биржалық, кепідікті. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының өзара қатынасы. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасындағы бағалық тепе-теңдік проблемалары.
Нарық жағдайындағы ренталық қатынастар. Сатып алу бағасы және ауыл шаруашылығы өнімдері сапасының жоғарылауын ынталандыру. Ауыл шаруашылығы шикізаты сатып алу және көтерме бағасаның, жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдернің көтерме бағасының, тұтыным тауарларының бөлшек сауда бағасының өзара қатынасы. Демеуқаржы проблемасы, агроөнеркәсіп кешенінің өнімдерінің бағасын жаңа жағдайға мемлкеттік реттеу мәселелері.
АҚШ мемлекетінің тәжірибесін ескеретін бір тұсы – бұл аграрлық кешен өнімдеріне бағаның реттелуі. Астық дақылдарын өсірумен айналысатын фермерлік шаруашылықтарға қолдау көрсетіледі. Ауыл шаруашылық министрлігі өндірісті қаржыландыруға зайымдар үшін түсімнің бір бөлігімен есеп айырыса алады.
Нарықтық бағалар Конгресс сүтке, майға, ірімшікке бақылау бағаларының әділ деңгейін анықтайды. Нарықтық бағалар осы деңгейден төмен түссе, онда өнімді мемлекет сатып алады. Оларды мектеп оқушыларын тегін тамақтандыруға, кедейлерге көмек көрсетуге, сондай-ақ басқа мемлекеттерге сатуға пайдаланады. Мемлекет ауыл шарушылық өнімдері мен фермерлер сатып алатын тауарлар бағасы арасындағы арақатынасты қолдануға тырысады. Бағаны модельдеуде американдық әдістер: сараптық бағалау әдістері. Баланстық әдіс, метематикалық бағдарламалау қолданылады.
Швецияда жыл сайын үкімет пен ауыл шаруашылығы өндірушілердің бірлестігі арасындағы келісімдерде тұтынушылар өкілдерінің қатысуымен азық-түлік тауарларына баға деңгейі бакітіледі.
Ауыл шаруашылық өндірушілердің шығындары жоғары кепілді бағалар белгілеу және субсидиялар есебінен жабылады. Швецияның ауыл шаруашылығын субсидиялау үшін маңызды қаржы көзі импортталатын шикізаттардан алынатын кедендік алымдар. Олар ішкі нарықтағы жоғары бағалар мен сыртқы нарықтағы бағалар арасындағы айырмашылықтар мөлшерінде белгіленеді. Импорттан алынатын кедендік алымдарды қолдану жолымен өз өнімдерін импорттан қорғау және швед тауарларын экспорттауда аграрлық секторды субсидиялау жүзеге асты.
Құрылыстағы баға белгілеу ерекшелігі, оның анықтайтын факторлар. ҚР-дағы ғимараттарды күрделі жөндеу және күрделі құрылысты сметалық мөлшерлеу мен 6 белгілеу жүйесі.
Құрылыс өнімдеріне келісім баға сметалық есептеулерді дайындау, құрылыстың сметалық құның анықтау бойынша әдістемелік жалпы ережелер. Істелген жұмыстар үшін есеп айырысу бойынша ұсыныстар, келісімді баға бойынша сметалық құжат нысандары мен ведомсттер, сметалық шығын түрлері бойынша мәлімен, ағымдағы бағамен есептеулер. ҚР-да шетелдік фирмалар (инвесторлар) қатысуымен салынып жатқан құрылыстың құның анықтау тәртібі. Құрылыстың құның анықтаудың ресурстық және базисті өтемдік әдісі. Құрылыстың сметалық құны. Жергілікті сметалық есептеуде анықталатын тікелей шығында, сметалық пайда, жөнелтпе тарифтер.
Баға белгілеудің ерекше сферасы- тұрғын үйге белгіленетін бағалар Олардың өте жоғары деңгейін ескере отырып, мемлекет тұрғын үйлік субсидиялармен займдар береді. Бағаларды бақылаудың қандайда болмасын нысанын қолдану экономикалық жағдаймен бағалар динамикасына байланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *