АШМАРИН НИКОЛАЙ ИВАНОВИЧ

АШМАРИН НИКОЛАЙ ИВАНОВИЧ (22.9.1870, бұрынғы Ресей империясы, Қазан губерниясы, Ядрин қаласының — 26.8.1933, Қазан) — ғалым, түркология ғылым докторы, профессор, КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1929).Шығыс тілдері институтынын бітірген (1894). 1895 — 1919 жылы Қазанда мұғалімдер семинариясында геогр-дан, 1917 — 1922 жылы Шығыс археология және этнография институтынында, Шығыс педагогикалық институтынында, Симбирскідегі Чуваш халық ағарту институтынында татар, чуваш тілдерінен сабақ берген. 1923 — 1926 жылы Бакудегі Әзірбайжан университетінің профессор болды. Ашмарин еңбектері Еділ бойы халықтарының тілін, фольклорын зерттеуге арналған. Чуваш тілінің он жеті томдық сөздігін түзіп, жариялады. Сөздіктің алғашқы екі томы 1910 — 1912 ж., қалған томдары 1928 — 1950 жылы жарық көрді. Чуваш тілінің лексикасы, диалектілері мен говорлары, этнографиясы мен тарихы жөнінде іргелі еңбектер қалдырған. Бұл еңбектері чуваш тілі оқулықтарын жасауға, әдеби тілін қалыптастыруға ғылым негіз болды. Лингвистик. деректерге сүйене отырып, чуваштардың болғарлармен тегінің бір екендігі жөніндегі теорияның негізін қалаған. Ашмарин жинаған отыз томдық чуваш фольклоры қолжазба күйінде сақтаулы. Ол чуваш, татар, түрік, Әзірбайжан тілінен басқа араб, парсы, фин, мадияр тілін, классикалық грек, латын тілдерін білген. Еңбектері АҚШ-та және т.б. елдерде жарық көрді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *