Альберт Эйнштейн

Альберт Эйнштейн

Альберт Эйнштейн (45-сурет) 14 наурыз 1879 жылы Ульм қаласында, еврейлік отбасында дүниеге келген. Әке-шешесі 8 тамызда 1876 жылы үйленген. Әкесі Герман Эйнштейн (1847-1902) ұсақ саудагер болған. Анасы Паулина Кох (1858-1920) дәулеттті отбасында дүниеге келген.
Өсе келе, даңқты жаңалықтар ашып, әлемді дүр сілкіндірген жас бала ерекше жаратылған жоқ. Момын, ынжық, тілі кешігіп шыққан сөзге сараң, көздері жәудіреген, бұйра шашты қарапайым балалардың бірі болған. Болашақ талант әлемнің ұлы жаңалықтарын
қызықтап өскен. 1880 жылы Мюнхенге көшіп келеді.
45 сурет.- Осында Герман Эйнштейн ағасы Якобпен
Альберт Эйнштейн электротехникалық фирма ашады.
Альбертті оқу жасына толысымен Мюнхендегі католиктік мектепке барады. Осы мектепте Альберт әр ұлттан құралған шәкірттердің ортасында оқиды. Бастауыш мектептегі сабақтардан жұрт қатарлы үлгеріп, тәртіпті шәкірттер санатында болады. Үйде музыка сабағын үздіксіз оқу Альберттің уақытын түгел алып отырған. Эйнштейн бастауыш мектепті 10 жасында бітіріп, Лунтпольд гимназиясына түседі.
Мұнда Эйнштейнге латын тілі мен грек тілі ауыр тиді. Математика жас Альбертті өз әлеміне тартады. Альберт Эйнштейн ғылымды Евклидтен бастайды, кейін Лобачевскийге сүйеніп, шың басына шығады. Қысқаша айтқанда, жас Эйнштейнді музыкаға Моцарт қоректендірсе, математикаға Евклид сусындатқан.
Альберт Эйнштейн алдымен физиканы толық меңгеруді мақсат етті. Атақты физик Лоренцтің жаңа шыққан идеясымен осы училище қабырғасында танысқан. Лоренцтің еңбегі Эйнштейнің теориясының іргесін салды деуге болады. Сөйтіп, математик Минховски мен физик Лоренц – Эйнштейннің алғыр ойына сәуле шашқан ең сүйікті ұстаздары болып саналады. Осы мектепті Эйнштейнің қадірлегені соншалық, ол “нағыз физик сонда ғана оқуға тиіс” деген пікірде болған. Баласы Гансты немересі Бернардты дәл осы Црих мектебінде оқытады.
Эйнштейнді болашақ ғалым ретінде қалыптастырған оның озық ойын ұштап, қанатын қатайтқан философиялық үйірме “олимпия академиясы” да дәл осы Бернде ұйымдасқан еді. Аталмыш Академия 1902 жылы ашылған. Құрамы үш мүшеден тұрған, яғни физик Эйнштейн, математик Габихт, философ Соловин. 1905 жылы күзде бұл академия жабылды.
1909 жылы 7 мамыр күні Цюрихтің мемлекеттік кеңесі Энштейнді физика теориясының професоры етіп тағайындаған соң, ол отбасымен көшіп келеді. 1913 жылы қарашада Пруссияның оқу ағарту министрі Эйнштейнді Берлиндегі Пруссия Академиясының физика-математика бөліміне толық мүше етіп тағайындайды.
1921 жылы 23 наурызда Эйнштейн, арнайы шақырумен Америка Құрама Штатына сапар шегеді. Альберт Эйнштейнді Ротердамда да, Вашингтонда да, Пристонда да салтанатты түрде қарсы алады. Мамырдың аяғында Америкадан Англияға оралады. Эйнштейн Америкаға 1930, 1931, 1932 жылдары да келіп лекция оқиды.
Эйнштейннің әйгілі теориясы жарияланбастан, дәл 5 жыл бұрын атақты физик Макс Планк физикаға “жарық кванттары” деген ұғым кіргізген-ді. Ол теорияда Планк жарық шығарушы қайнар ол жарықты көзге ілікпейтін ұсақ “кванттар” түрінде шығарады, бізге олар үздіксіз ағып тұрғандай болып көрінеді деген болатын. Альберт Эйнштейн бұл теорияны өзінің “кванттар теориясы” деген мақаласында онан әрі ілгері дамытып, өз алдына жаңа сала болғандай биік дәрежеге көтереді. Оның жоруынша: жарықтың ұсақ бөлшектері оның тек шығуынан, немесе жарық болып түсуінен пайда болмайды, олар сол жарықтың табиғатына тән қасиеттер деп сипаттайды.
Жарықтың өзі, оның шығатын немесе оның түсетін орындарымен байланысты емес, кванттардан “жаратылған” деп түсіну керек деді. Екінші мақала молекулалардың броундық қозғалыстары туралы жазылған болатын. Егер заттардың ұсақ бөлшектері сұйықтармен араласса, онда ретсіз қозғалыс пайда болады, сол арқылы заттың денесіндегі малекулаларды есептеп шығару мүмкіндігі туады. Үшінші жұмысы “салыстырмалықтың арнайы теориясы” деп аталды.
1905 жылы Эйнштейн қозғалыс жөніндегі 2 аксиомасын ұсынады: 1) табиғат заңдары инерциялық системалардың бәрінде бірдей; 2) жарықтың жылдамдығы құр кеңестікте тұрақты.
Бұл екі постулат Эйнштейннің бүкіл “теориясына” негіз болды және бұлардан туатын салдарлар өз алдына тағы бірнеше салдар туғызады.
1905 жылы Эйнштейн Берн қаласындағы патенттік бюрода қызмет атқарып жүріп, бірнеше ғылыми жұмыстар жариялады. Солардың ішінде “салыстырмалықтың арнайы теориясы” ерекше орын алады. Енді сол теорияның негізгі мәселелеріне тоқталып өтейік.
Ньютон физикасында жарық жылдамдығы салыстырмалылық шама болып саналса, Эйнштейнше ол абсолютке айналып кетеді. Осыған байланысты Эйнштейн «арнайы теорияның» екі постулатын жариялайды:
1) Дененің тұрақты немесе бір қалыпты түзу қозғалыста болу жағдайын абсолют әдіспен өлшеуге болмайды.
2) Жарық шығатын жерінің қозғалысына қарамастан, құр кеңістік арқылы тұрақты жылдамдықпен өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *