Больцман Людвиг

Больцман Людвиг (20.02.1844–05.09.1906) (42-сурет) – австрия физигі, Австрия (1895), Петербург (1899) және тағы да басқа ғылым академияларының мүшесі болған. Венада қызметкердің отбасында дүниеге келген. Вена университетін (1866) аяқтады. Граца (1869-73 және 1876-89), Вена (1873-76 және 1894-1900 және 1903 жылдан бастап), Мюнхен (1889-94), Лейпциг (190002) университеттерінің профессор болады.
Газдардың кинетикалық теориясы, термодинамика және сәулелену теориясы облыстары бойынша жұмыс жасаған. Газ молекулаларының жылдамдық бойынша таралу заңын қорытып берді (Больцман статистикасы). Статистикалық заңдарды қолданып, физикалық кинетиканың негізі болып табылатын, газдардың кинетикалық теңдеуін қорытып берді. Жүйе энтропиясын оның күй ықтималдылығымен байланыстырды және термодинамиканың 2-бастамасының статистикалық

сипаттамасын дәлелдеді. Алғаш термодинамика
42 сурет. — Больцман принциптерін сәулеленуге қолданып, Й. Стефанның
Людвиг экспериментт түрде алған жылулық сәулелену заңын алды. Термодинамикалық түсініктерден Д. Максвеллдің жарық қысымы туралы гипотезасын расқа шығарды.
Газдардың кинетикалық теориясының қарсыластарының тарпа бас салуы Больцманға қатты әсер етті, оның өз-өзіне қол жұмсауына осы жағдай себеп болуы мүмкін.
Термодинамиканың екінші бастамасы табиғаттың қарапайым заңы емес, ықтимал заң ретінде қарастырыла бастады. Осында алғаш рет классикалық физика табиғат құбылыстарының дуализмімен қақтығысып жатты.
Термодинамика сонау бастан тек жылудың механикалық теориясы түсініктеріне жүгінген болатын. Даму барысында ол физиканың дербес бір бөліміне айналды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *