Максвелл Джеймс Клерк

Максвелл Джеймс Клерк (13.06.1831–05.11.1879) (41-сурет) – ағылшын физигі, Эдинбург (1855) және Лондон (1861) королдық қоғамдарының мүшесі. Эдинбургте заңгер отбасында дүниеге келген. Эдинбург (1847-50) және Кембридж (1850-54) университеттерінде оқыған. Университетті аяқтаған соң Тринити колледжінде дәріс оқып, 1856-60 жж. – Абердин университетінің профессоры, 1860-65 жж. – Лондон королдық колледжінде, 1871 жылдан бастап – Кембридждегі эксперименттік физиканың бірінші профессоры болып қызмет атқарған.
Оның жетекшілігмен Кембридждегі Кавендиш зертханасы құрылған. Электродинамика,

41-сурет. Максвелл Джеймс Клерк молекулалық және статистикалық физика, оптика, серпімділік теориясы облыстары бойынша жұмыс

жасаған. Жылдамдық бойынша газ молекулаларының таралу заңын (Максвелл таралуы) бекітті, ішкі үйкеліс, диффузия және жылуөткізгіштік процестеріне қолданып, тасымалдау теориясын дамытты. Ығысу тогы түсінігін енгізе және электромагниттік өріске өзіндік анықтама бере отырып, электромагниттік теориясын (Максвелл теңдеуі) құрды.
Алғаш (1879) Г. Кавендиштің қолжазба еңбектерін жарыққа шығарды.
Оның есімімен магниттік ағынның өлшем бірлігі — максвелл деп аталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *