АШИНА МИЖЕЛІ 

АШИНА МИЖЕЛІ — Батыс түрік қағандығының Таң патшалығына қарасты Бесбалықтағы Куньлин басқақтығының басқағы (657 — 662). Батыс түрік қағандығы жойылған соң (657) Таң патшалығы бұл қағандық жерлерін қол астына қаратып, Ашина Хэлу (Ышпара) қағанға тәуелді болып келген он оқ аймағында Куньлин және Миңши басқақтықтарын құрды, сөйтіп Ашина Мижеліні Куньлин басқағы етіп тағайындады. Таң билеушісі оған “сол қанат тай санғұн” деген лауазым берді. 662 жылы Таң мәнсаптысы су Хайяжэн Күшарға (Шығыс Түркістандағы қала) жорық жасаған кезде Ашина Мижеліні және Ашина Буяженді өз әскерімен бірге ертіп жүреді. Ашина Буяжен су Хайяжэнға Ашина Мижеліні ғайбаттап, оның Таң патшалығы билігіне қарсы билік тудыру ойында жүргендігін білдірді. Нәтижесінде су Хайяжэн Мижеліні өлтірді (662).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *