Дальтон Джон

Дальтон Джон (06.09.1766–27.07.1844) (36-сурет) – ағылшын химигі және физигі, Лондон королдық қоғамының, Париж ҒА мүшесі. Иглсфилдте кедей отбасында дүниеге келген. Білімін өз бетімен жетілдірген. Манчестерде математика мұғалімы болған, ал 1799 жылдан бастап жеке дәрістер оқи бастаған.



36 сурет. -Дальтон Джон

Молекулалық физика облысындағы зерттеулері: адиабаталық сығылу және ұлғаю, қаныққан және аса қаныққан бу, газ ерітіндісінің оның парциаль қысымдарына тәуелділігі.
Химияда атом туралы түсініктердің негізін алғаш салғандардың бірі, қысқа қатынастар заңын ашқан, атомдық салмақ түсінігін енгізген және алғаш элементтердің атомдық салмақтарының кестесін құрған. 1794 жылы физиологиялық зерттеулер жүргізіп, жеке түстерге деген соқырлықты
(дальтонизм) ашқан.
Саны көп жұмыстар тұрақты қысым мен көлемде ауаның жылусыйымдылықтарының айырмашылықтары туралы тоқтамға әкелді.

Бұл айырмашылыққа Лаплас көңіл аударды да, 1816 жылы ол ауаның сығылуы мен сиретілуі кезектескендегі температура өзгерісімен Ньютонның теориясынан алынған ауадағы дыбыстың жылдамдығының эксперименттік мәнімен сәйкессіздігін түсіндіріп берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *