БЕЙІНДІК ОҚЫТУ – МАМАНДЫҚ ТАНДАУ КЕЛЕШЕГІ

Кенжебай Р.Б. – ҚарМТУ студенті (ПО-14-2 тобы) Ғыл.жетек. – х.ғ.к., доц. Нұрмағанбетова М.С.

БЕЙІНДІК ОҚЫТУ – МАМАНДЫҚ ТАНДАУ КЕЛЕШЕГІ

Бүкіл әлемде бейіндік білім беруді жетілдірудің үздіксіз үдерісі жүріп жатыр. Сапалы және өзекті кәсіптік білім беруге сұраныс мектеп бітірушінің жеке қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.
Қазақстанда бейіндік оқытуды енгізу бірінші кезекте түрлі қызмет салаларының мамандарын даярлау деңгейіне жоғары талаптарды қоятын өзгеріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен және ғылымитехникалық прогреспен байланысты. Бейіндік оқытуға көшу орта жалпы білім беруді білім беру үдерісі деңгейінде ғана емес, сонымен қатар білім беру нәтижелері деңгейінде де дербестеуге нақты қадамдардың бірі болып табылады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ҚР жалпы орта білім берудің мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады [1].
Бейіндік оқыту дегеніміз – кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі.
Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басқарушы ережелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық, қоғамдықгуманитарлық, технологиялық бейіндік оқыту бағыттарын анықтау, ұйымдастырылатын бейіндік оқыту моделі оқу орнының білім беру процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың күш-қуатын ескеру, бейіндік оқытуды іске асыру оқытудың тиімді технологияларын енгізу ұстанымдарын басшылыққа алады [2].
«Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысы.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында 2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің, интеллектуалдық мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың жоғарғы сыныптарында бейіндік оқытуға арналған «Бейіндік мектеп» бағдарламасы іске қосылады деп атап көрсетілген [3].
Мектептегі бірінші оқуды бастаған күннен бастап оқушыларды тұрақты іздеуге және өз жолын таңдауға шақырып отыру қажет. Сондықтан мектептерге бейіндік және элективтік курстар (міндетті және таңдау бойынша) енгізу керек, себебі олар оқушы қызығушылығы мен кәсіптік бейімделуін дамытуға әсер етеді.
Бейінді оқыту тұжырымдамасын құрудың әдістемелік негізі «таяу даму аймағын» құратын, ілеспелі оқыту үдерісімен сәйкес келмейтін оқыту мен дамыту үдерістерінің динамикалық қатынасы туралы
Л.С.Высотскийдің гипотезасы болып табылады.
Бейінді оқыту теориясын құруда В.В.Давыдовтың дамытатын оқыту теориясы елеулі үлес қосты, ол теория бойынша дамытушы оқыту мазмұнының әдісі – оқушылар мен педагогтардың бірлескен оқу қызметін ұйымдастыру, ал даму өнімі – басты психикалық жаңаашылымдар болатын теориялық білім болып табылады. Кейінірек бұл идеялар Ш.А.Амонашвили, В.В.Рубцов, И.С.Якиманский және т.б. жұмыстарында қарқын алды [4].
Қорыта айтқанда, бейіндік оқытуға көшкендегі білім сапасын бағалау жүйесі білім берудің жоғарғы сатыдағы құралы ретінде дұрыс жолға қойылуы керек. Бағалау жүйесі оқушының жан-жақты ойлау қабілетінің дамуын шығармашылық ізденісін, білімінің жүйелілігінің, өмірлік қажеттілікке жарамдығын кәсіптік және ой еңбегін атқаруға туындаған проблемаларды шешуге бейімділігін көрсете білетін деңгейде болуы тиіс. Оқу-тәрбие процесін жаңартумен қатар, оны жүзеге асыратын әрбір педагогтың көзқарасын, оқушымен қарым-қатынасын түбегейлі өзгерту, әр баланың жеке және жас ерекшелігіне қарай дербес дамуын қамтамасыз ету, оларға білімнің өз мүддесі үшін қажеттігін сезіндіру, құзырлылығын айқындау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.



Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жолдасбекова С.А., Камалов Ю.Н., Қонақбаева Ұ.Ж. Оқушылардың бейіндік оқуларын ұйымдастыру негіздері. – Алматы, 2013. – 201 б.
2. Мұқатаев А.А. Бейіндік оқытуды ұйымдастыру: Оқу құралы.Қарағанды, 2007.-101 б.
3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (24.11.2015ж.
өзгертулер мен толықтырулары бар).
4. Щербо И. Реализация профильного обучения в школе //Директор школы, 2005. — №4. – с.47-56.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *