АШАНТИЛАР

АШАНТИЛАР (өз атауы — асанте, асантефо) — халық. Гананың орталық аймақтарында, Вольта мен Тано өзенінің аралығын қоныстанған. Саны —4 млн. адам (1992). Үлкен негр расасына жатады. Чви (тви) тілінің бір диалектісінде сөйлейді, жазуы латын графикасына негізделген. Дәстүрлі наным-сенімдерімен қатар христиан, мұсылман-сүнит дініне кіргендер де бар. Этник. қалыптасуы 18 — 19 ғасырдың басындағы Ашанти конфедерациясын (1700 — 1896) құраған тайпалар одағынан басталады. Конфедерацияны жоғары көсем (асантекене), оның әйелі (асантекема) және ақсақалдар кеңесі (асафохене) басқарды. Мықты әскери ұйымға сүйене отырып, Ашантилар 19 ғасырдың басында бүкіл Ганадағы сауданы өз қолдарына алды. Ол кезде Ашантилар қоғамының негізі алғашқы қауымнан (акура), үлкен жанұялардан (фиефо), әйелдер қауымынан (абусуа), әскери ұйымдардан (асафо) құралды.

Ауқаттыларға, еркін қауым мүшелеріне және құлдарға бөлінді. Қазіргі кәсіптері — жыл бойы ямс, маниок, таро, батат, жер жаңғағы, жүгері, сорго, күріш, ананас, пальма, кола ағашын, шошқа, құс өсіру. Какао плантациясында, ағаш дайындауда, тау-кен өндірісінде, кола өнеркәсіптерінде де жұмыс істейді. Халықтық қолөнері — ұсталық, алтынды аптау, күміс, қола бұйымдар құю, құмыра жасау т.б. Ағаштан салынған шатырлы үйлерде тұрады. Жыл сайын Одижира мейрамы (тазару), 6 апта сайын допи мейрамдары (Ұлы Адаэ, Кіші Адаэ) өтіп тұрады. халық фольклоры жақсы дамыған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *