АШАМАЙ

АШАМАЙ — баланы атқа мінуге үйрету үшін қолданылатын ердің қарапайым түрі. Ашамайдың ер сияқты екі қасы (алдыңғы және артқы), екі қапталы, оқпаны болады. Үзеңгінің орнына тепкішек қолданылады. Тепкішек тебінгіге жапсыра тігілген, шағын киіз қоржын. Сәнді болу үшін оның беті кестеленіп, шүберекпен астарланады. Ашамайдың тағы бір құрамды бөлігі — қолтырмаш, Ашамайдың алдыңғы, артқы қасына бала қолтығының астынан байлайтын ағаш. Қазақта бала үш жасқа толысымен, атқа ашамай салып, мінгізіп үйрете бастайды. Түйеге, жылқыға жүк артуға пайдаланылатын ыңыршақты да кейде “Ашамай” деп атайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *