БҚ ТЕСТІЛЕРІН ГЕНЕРАЦИЯЛАУ АЛГОРИТМІНІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МОДЕЛІ

Кабылова Д.А. — магистрант КарГТУ (гр. ВТМ-15-1)
Науч.рук. — к.т.н., доцент Когай Г.Д.

БҚ ТЕСТІЛЕРІН ГЕНЕРАЦИЯЛАУ АЛГОРИТМІНІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МОДЕЛІ

БҚ тестілерін генерациялау алгоритмінің бағдарламалық моделі жоғарғы деңгейлі объектті-бағытталған тілде жазылған бағдарламалық өнім болып табылады. Бағдарлама командалық жолмен қосылады, кірісне әртүрлі көрсеткіштерді қабылдайды және платформалы-тәуелсіз болып табылады. Бағдарлама өзара байланысқан бірнеше модульдерден тұратын бағдарламалық модельдің жұмысын визуализациялауды қамтамассыз ететін сервермен біріктірілуі мүмкін. Тестілерді генерациялау алгоритмінің бағдарламалық моделінің жұмысының алгоритмі:
— қосымша түпнұсқасын құрылымы генерациялау алгоритмінің бағдарламалық моделіне түсінікті XML түпнұсқаға алмастыру;
— тестілік сценарийлерді генерациялау алгоритмін іске қосу;
— кіріс параметрлерін оқу және түпнұсқаны жадыға жүктеу (түпнұсқаны бағдарламалық деңгейде кеңейтілген ақырғы автоматқа түрлендіру);
— кеңейтілген ақырғы автомат (КАА) графын тексеру алгоритмінің жұмысы және КАА параметрлері мен кіріс параметрлерінің талаптарына сәйкес тестілік сценарийлерді генерациялау;
— тестілік сценарийлерді XML-ге жүктеу, мобильді қосымшаларды тестілеу алфавитін қолданумен.
Тестілерді генерациялау алгоритмінің бағдарламалық моделінің кірісіне түпнұсқалаудың арнайы құралдарының көмегімен жүзеге асырылған қолданбалы қосымшаларды ұсынуға болады. Бағдарлама XML кірісне белгілі бір құрылымдарды қабылдайды. Қазіргі таңда тестілерді генерациялау алгоритмінің бағдарламалық моделінің берілген жұмысын жазудың екі конвертері бар: Yed → XML, AxureRP → XML.
Тестілеу үрдістерін ұйымдастыру әдіснамасына сүйене отырып, тестілік сценарийлерді генерациялау үрдісі әдіснамада сипатталынған басқа үрдістерге қарағанда жиі орындалмайтындығын болжауға болады. генерациялау үрдісі шектеуші стадия болып табылады. Осылайша тестілік сценарийлерді генерациялау уақыты сыни болып табылмайды. Сондықтан тесттерді генерациялау алгоритмінің бағдарламалық моделін жүзеге асыру үішін ең жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілін таңдау қажет және де ол бағдарламалау тілі әртүрлі XML құрылымдармен жұмыс жасауға ыңғайлы интерфейске және объектілі бағдарға ие болуы тиіс. Тестілерді генерациялау алгоритмінің бағдарламалық моделі жаңа модульдерді қосу арқылы оны кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, оның модульдік құрылымы өнімнің бағдарламалық кодының «оқылуын» жақсартады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *