ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚ
САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Орынбасарова Н.Н. — ҚарМТУ студенті (ФИЭМ-15-1 тобы) Ғылыми жетекші — оқытушы Кусаинова А.А.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚ
САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі мемлекеттің қаржылық-кредиттік механизмінің негізі, экономиканы ретке келтіруші маңызды құралы болып табылады. Салық жүйесі қаншалықты дұрыс құрылса, шаруашылық қызметінің тиімділігі соған байланысты дамиды.
Салықтардың маңыздылығы жөнінде классик ғалымдар: «салықтар қоғамның кластарға бөлініп, мемлекеттердің қалыптасуына қатысты пада болған бұқара билікті қамтамасыз ету үшін төленетін азаматтардың төлемдері» екендігін атап өткені бізге тарихтан мәлім. Бұл тұжырымнан байқағанымыздай қоғамның даму тарихында бір де бір мемлекет салықсыз қызмет еткен емес, себебі ұжымдық қажеттіліктерді өтеу барысындағы өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекетке белгілі ақша қоры қажет. Осыдан келіп, салық ауыртпалығының аз мөлшері мемлекеттің белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыруда шығарған шығынын өтеумен анықталады. Айталық, мемлекеттік басқару, қорғаныс, сот, қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты мемлекеттік қызмет түрлері көбейген сайын, салықтар түрі де көбеюі тиіс.
Бүгінгі таңда салық құқығында классикалық принциптерге айналған принциптерді белгілі экономист Адам Смит ұсынған болатын. Ол төмендегі принциптер:
-мемлекеттің тұрғындары өздерінің табыстарына қарай мемлекеттің мұқтаждығын қанағаттандыру үшін атсалысуға тиіс;
-әркім төлейтін салықтың мөлшері нақты айқындалған болуы тиіс. Салықты төлеу мерзімі, төлеу тәсілі және төленетін сомасы өте анық болуы қажет;
-салықты алу кезеңі мен уақыты немесе тәсілі салық төлеуші үшін ыңғайлы әрі қолайлы болуы тиіс;
-әрбір салықтың салмағы халықтың қалтасын ойсыратып кетпей, мүмкіндігінше аздап алынуы қажет. Сонда мемлекет қазынасына түсетін табыс мөлшерленген межеден артық болмаса, кем түспейді.
Бұл принциптер соншалықты қарапайым болғандығына қарамастан қазіргі таңдағы салық принциптері осыларға негізделген.Осы айтылғандардың түпкі тұжырымдары ретінде қазіргі заманғы экономикалық сипаты басым салық принциптерін атап өтуге болады:
-салық ставкасының мөлшері әрбір салық төлеушінің мүмкіндіктерін ескере отырып,яғни, табысына қарай белгіленгені жөн. Табысқа салынатын салық прогрессивті болуы керек. Алайда, бұл принцип әрқашан сақталмай, көптеген елдерде салықтар пропорционалды түрде есептелуде;
-табыстарға салықтың бір рет қана салынуына күш жұмсау қажет;
-табысқа немесе капиталға бірнеше мәрте салық салынуына жол берілмегені жөн;
-салық төлеу міндеттілігі әркімге тән;
-салықтарды төлеу жүйесі мен процедурасы салық төлеушілерге түсінікті, қарапайым және ыңғайлы болғаны жөн, ал салық жинаушы мекемелер үшін салық жинау экономикалық тұрғыдан үнемді болғаны абзал;
-салық жүйесі қоғамдық – саяси өзгермелі өзгерістерге оңай ыңғайланатындай тиімді болуы керек;
-салық жүйесі қалыптасқан жалпы ішкі өнімді бөлуді қамтамасыз етіп, мемлекеттік экономикалық саясаттың тиімді құралына айналуы тиіс.
Қазақстан Республикасының егемендік алуына орай отандық салық салу жүйесі біртіндеп қалыптаса бастады. Әрине, мұнда нарықтық экономика мен ұлттық экономиканың ерекшеліктері басты назарға алынуда. Дегенмен, қолданыстағы салық жүйесі әлі де болса өзіне жүктелген қызметтерін толықтай жүзеге асыра алмай отыр. Сондықтан да бұл саладағы құықтық, экономикалық және саяси мүдделеріне нұқсан келтірерліктей дәрежеде болғандығы айқындалды. Сондықтан, 1995 жылдан бастап,мемлекет аумағында КСРО жасаған барлық халықаралық салықтық- ынтымақтастықты орнықтырудың жаңа кезеңі басталды.
Халықаралық салық салу жүйесіндегі ең басты проблемалардың және принциптерідің бірі- қосарланған салыққа жол бермеу мәселесі. Бұл мәселе, әсіресе, ХХ ғасырдың 20 жылдарында ерекше шиеленсіп кетті.
І-дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, мемлекеттік шығындардың орнын толықтыру мақсатында көптеген елдер салық көлемдерін арттыруға ұмтылды. Қоғамымызда болып жатқан өзгерістер: мемлекеттің егемендік алуы, қоғамның демократиялық жаңаруы, жекешелендіру саясаты, нарықтық экономикаға бет бұру, мемлекеттік және ұжымдық меншіктермен қатар жеке меншік институттың өркендеп өріс алуы біздің елімізде салықтық және инвестициялық қатынастарды заман талабына сай қалыптастыруды қажет етеді.
Дамыған елдердің салық жүйесі салықтарды және кәсіпкерлікті қолда ынталандыру үшін пайдаланады. Осы мақсатпен белгілі жеңілдіктер қолданылады,тездетілген амортизация, жер қойнауының әлсіреуіне жеңілдік беру жатады.
Салық саясатының мазмұны мен мақсаты қоғамның әлеуметтік– экономикалық құрылуымен, экономикалық саясатының жалпы бағытымен, сондай–ақ қаржы саясатының нақты әдістерімен сипатталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *