ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ
АЙМАҚТЫҚ РЕТТЕУДIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДIСТЕМЕЛIК НЕГІЗДЕРІ

Досан Е. – ҚарМТУ магистранты (ГМУ-15-1 тобы) Ғылыми жетекші – э.ғ.д., профессор Кошебаева Г.К.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫ
АЙМАҚТЫҚ РЕТТЕУДIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДIСТЕМЕЛIК НЕГІЗДЕРІ

Аймақ түсінігі экономикалық және саяси практикаға толығымен енді. Арнайы әдебиеттерде экономикалық аймақтын мәнін анықтау бірнеше бағыттар қалыптасты. Оларды негізінен үш топқа бөлуге болады: әкімшілік шаруашылық көзқарас, экономика географиялық және ұдайы өндірістік. Әкімшілік шаруашылық бағыт бойынша кез келген әкімшілік территория экономикалық ауданмен негізделеді. Кейбір авторлардың ойынша, аймақ – бұл бірлікпен және халықтың тұрақты еңбек, әлеуметтік және мәдени байлагысты жақсы қалыптасқан, транспорттық және әлеуметтік инфроқұрылымның дамуының салыстырмалы жоғарғы деңгейімен сипатталған әкімшілік территорялық бірлестік. Бұл бағыт жеткілікті түрде аймақты зерттемейді. Себебі ең алдымен мұнда әкімшілік аудандардың шекарасы экономикалық аудандардың келісімімен сәйкес келмеген жағдай қарастырылмаған.
Экономикалық географиалық бағытты қолдаушы ғалымдар аймақ деп бірдей немесе әртүрлі табиғи, экономикалық ұлттық ерекшеліктері және өндіргіш күшінің бағыттылығы тән елдің ірі негізін территориясын сипаттайды. Фейген А.А. аймақтын келесі анықтамасын береді: “Аймақ – бұл өндірістің, табиғи және адам ресурстарының мамандануы мен құрылуымен, сонымен қатар экономика географиялық жағдаймен елдің ішінде ерекшелінетін экономикалық аудан, шаруашылық етуші территория.”
Алампаев П.М. “Аймақ – бұл бүтін территория, елдің халық шаруашылығының бөлімі және өзіне тән өндірістің мамандануын, еңбекті қоғамдық территориялық бөлідің басқа бөлудің басқа бөлімдерімен үздіксіз байланысы және экономикалық қатыснастар бар аудан. Бірақ экономика географиялық бағыттың анықтамасын толығырақ Н.Н. Некрасов берді. Оның ойынша аймақ – бұл қалыптасқан және перспективті материялдық-технологиялық негізіне өндірістік және әлеуметтік инфрқұрылымына сай табиғи ресурсар кешені негізінде өндірістік күштердің даму бағыттылығы тән және бір қалыпты жағдайлары бар елдің ірі территориясы. Аймақтарды бөлудің негізгі критериясы табиғи ресурстарды пайдалануға алдын-ала белгіленген немесе лоындалған жиынтыққа, шаруашылық қызметінің тарихи қалыптасқан құрылымына немесе экономикалық дамудың жоспарлы құрылымына негізделген халық шаруашылығын тапсырмалапының жалпыға бірдей болуы болып табылады. Бірақ ұдайы өндірістік бағытты ұстанушы ғалымдардың еңбектерінде экономика географиясының бағыт аймақтағы ұдайы өндірістік процесстерді және олардың әлеуметтік факторлармен байланысқанын ескермеген және аймақтардың бүтіндігін тек өндірістік күштердің кешені ретінде ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өндіріс жүйесіндегі ұйым ретінде бейнелемеген. Ұдай өндірістік бағыттың позициясы бойынша, аймақтар еңбекті қоғамдық бөлу процессі кезінде территориялық өндірістік жиынтығы ретінде бөлініп шығатын және ұдайы өндірістің барлық фазаларында оның жалпыға бірдей және ерекше салыстырумен, өндірістік-технологиялық және экономикалық өзара байланыстың жоғары деңгейімен, олардың элементтерін құраушылармен байланысы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның бірлігімен, жоспарлау және басқару облысындағы бірдей тапсырмаларымен сипаталатын аудан ретінде салыстырылады. Жоғарыда аталып кеткен бағыттардың барлығы бірін бірі толықтырылады. Әрбір бағыт аймақтың экономикалық зерттеулерінің әртүрлі аспектілерін жүзеге асыру үшін арналған деуге болады. Мысалы, экономика – географиялық анықтама территориялық жүйені бөліп көрсетудегі аудандардың және территорилық өндірістік кешендердің қалыптасуының, сонымен қатар кестелерді біріктіру кезіндегі өндіріс күштерінің және өнеркәсіп кәсіпорының қозғалысының негізі болып табылады. Экономикалық бағыт елдің әлеуметтік — экономикалық дамуының кешенді бағдарламаларын біріктіру және жүзеге асыру кезіндегі, биліктің атқарушы және өкілді органдарын орталықсыздандыру (децентрализация) мен қайта құру кезіндегі әртүрлі деңгейдегі аймақтық конферурацияларды модельдеу бойынша зерттеу жүргізумен байланысты. Бірақ тек ұдайы өндірістік бағыт аймақтық экономикалық саясатты және аймақтық инвестициялық саясатты әзірлеу үшін де осы саясаттарды жүзеге асыру үшін құрал таңдау үшін де қолайлы көрінеді. Ол аймақты ұлттық шаруашылықтың жүйе асты ретінде және өзіндік ұдайы өндірістік жүйе ретінді сипаттайды.
Қазақстанның аймақтарының әлеуметтік-экономикалықдаму деңгейлеріндегі айырмашылықтар әлемнің кез-келген еліне тән объективті болып отыр. Рыноққа өту кезеңде бұл айырмашылықтар күшейіп кетті. Рынокқа өту кезіндегі процестерді басқару механизімінің жетілмегендігі республика экономикасын реформалауды артқа тартты.
Сонымен қатар аймақтық зерттеулерде геожүйелік бағыт қолданылады. Ол бір-бірімен байланысқан қарапайым ұйымдардан тұратын күрделі объектілердің құрылымын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Геожүйеге бұтін құрылым, орналасқан жеріне байланысты қызмет ететін міндетті элементтер жиынтығы тағы басқа жатады. Геожүйе түсінігі табиғи – территориялық және территориялық-өндірістік кешеннің кеңістікті объектілерін тану үшін қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *