АЦИДОЗ

АЦИДОЗ (латынша acіdus —қышқыл) – организмдегі қышқыл мен сілті арақатынасының бұзылып, қышқыл аниондарының артық түзілуі салдарынан пайда болатын ауру. Ацитоздың басты белгілеріне адамның орталық жүйке жүйесі қызметінің әлсіреуі, адамның есінен тануы, қан қысымының төмендеуі жатады. Ацитоз салдарынан жүректің қан айналымы нашарлайды, бүйректің зәр түзу қабілеті төмендейді. Ацитозды емдеу үшін қанға натрий гидрокарбонатын (NaHCO3) құяды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *