АЦЕТАТТАР (латынша аcetum — сірке суы) — сірке қышқылының күрделі эфирлері мен тұздары; эфирлері — гүлне жеміс иісті түссіз сұйықтық; тұздары — кристал зат. Ацетаттарды металл оксидін, гидроксидін, карбонатын сірке қышқылында еріту арқылы алады. Ацетаттардың эфирлері жұпар иісті зат ретінде және полимерлерді синтездеу (мыс., винилацетат), ал тұздары маталарды өңдеу т.б. үшін қолданылады.