
Кұрманбай Н.М. – ҚарМТУ студенті (РЭТ-16-1 тобы) Ғылыми жетекші – оқытушы Повед А.
ЖАСТАР – БОЛАШАҚТЫҢ КӨШІН БАСТАУШЫ
Бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру деген ауқымды міндетін алға мақсат етіп қойып отыр. Даму қарқынын арттырып келе жатқан Қазақстан елі осындай көкейкесті мақсатқа, өзінің гүлденуіне қарай еркін қадам басып келеді. Мұндай ауқымды өзгерістер жағдайында біздің еліміздегі өзіміз сияқты жастарға үлкен жауапкершіліктің жүктелетіні сөзсіз. Жастар – алға жетелеудің, түрленудің, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы десек те болады. Шындығында да, жастар – еліміздің болашағы әрі Қазақстанның ертеңгі күнінің қандай болуы дәл сол Егемен елдің еркін жастарына байланысты болмақ.
Қазіргі кездегі жастарымыз халық алдында абыройлы, сыйлы, елі мен жерін сүйетін, танымал әрі белсенді, бір сөзбен айтқанда, өнерде де, бизнесте де, саясатта да, спорттық өмірде де зор табысқа жеткен персонал болуы тиіс. Бұл орайда қоғамда адам өз еңбегінің арқасында ғана зор табысқа жете алатындығы хақында түсінік қалыптасуы керек. Жарқын тұлғалардың тәжірибесі мен өмірі туралы жастарымызға айта отырып, олардың мақсатқа ұмтылғыштығын, еңбексүйгіштігін үлгі етуі керек. Ал бұған қажетті мысалдарды кез келген саладағы қызметкерлерден, жұмысшы жастардың арасынан да табуға болатыны сөзсіз.
Қазіргі кездегі еліміздегі жастардың басым көпшілігінің білімге ұмтылатындығы өуантатын жағдай. Шетелде оқып, білімін шыңдап жатқан аға-әпкелеріміз оқуын аяқтағаннан кейін елімізге оралып, шетелдік білімі мен кәсіби тәжірибесін өз елінде кәдесіне жаратуда. Қазіргі жастар деп аталатын қауымның ішінде осы бір топты ерекше құрметеймін. Себебі, олар әлемнің де, өз елінің де жағдайын жан-жақты түсінікке алады. Қазіргі кезде дипломын алып, бірақ мамандығы боынша жұмыс таба алмай жүрген бізден егде аға-әпкелеріміз қаншама?! Еліміздің алға даму жолында жастарымызға осы туралы қамтамасыз етулерді ұйымдастырсақ, еліміздің дамуы жеделдей түседі деген ойдамын.
Қазіргі еліміздің даму жолында тек біліммен емес, спортпен де айналысатын жастарымыз керек. Жастардың қазір көптеп спортқа ұмтылып, жеке дене шынықтырулармен айналысып жүргені өте жақсы. Дегенмен, еліміздегі кез келген жастарымыз онымен айналыса алмайды. Кәсіпқой спорт бір бөлек, әуесқой спорт бір бөлек. Кәсіпқой спорт еліміздің әлемге танылуын, спортшыларымыздың әлемдік аренаға шығуын қамтамасыз етеді, ал әуесқой спорт жеке тұлғаның дене бітімінғ жастардың салауатты өмір салтын бірізді етеді.
Қазақстанның егемен жастары аталған білім саласында, спорт саласында ғана шектеліп қалмай, елімңз дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін саясаттан да хабардар болу керек. Алдыңғы жылдардан бастап Қазақстанның түкпір-түкпірінде аудандық, облыстық жастардың саяси филиалдары ашыла бастады. Жастар саясатының жеке бюджетіне бөлінетін қаржының көлемі де бірден көтерілген болатын. Демек, қазіргі кезде жастар саясатына да көптеп мән беріліп жатыр. Саясат бүкіл жастарға беріле бермейді, саясатпен айналысу үшін де жастардың жеке болмысы болуы керек. Жастар саясатымен белсенді, үздік жастар көптеп айналысуда.
Жастарымыз бүгінгі таңда тілге де жақсы болуы керек. Шетелде білім алып, шетелдермен байланыс жасап, қазақстанды «Қазақстан-2050» стратегиясы бойынша дүние жүзінің дамуған 30 елінің қатарына кіргізу үшін жастарға тілді білу маңыздырақ. Қазақ тілі – ана тілі, оны әрбір қазақ білуі керек. Орыс тілі – Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес қатынас тілі болып саналады. Демек, қарым-қатынасқа тез ілесу үшін орыс тілін білу маңыздырақ. Ағылшын тілі – әлемдік тіл. Қазіргі таңда әлемдік тілді білсең, яғни ағылшын тілін, көптеген шет елдерге барып біліміңді шыңдап келуге, жұмыста тәжірибе алмасуға және кәсіби тәжірибе жинауға болады. Және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру де осыны көздейді. Демек, еліміздің жастары білімге де, спортқағ саясатқа, сонымен қатар, тілге де мән беруі керек деп ойлаймын.
Бүгінгі жастар – олар шыдамды білікті, білімді бола білуң керек. Қазақстанның болашағының жарқын болуында басты рөлді атқаратын – осы жастарымыз. Еліміздің еңсесін биік көтертіп, дүниежүзілік саяси аренада дамыған елдердің отызының қатарына кіру бірегей бүгінгі жастарымызға байланысты. Алға мақсат қоя білетін, табандылықпен білімге ұмтылатын, сасатта саспайтын, спортта мақсат қойып, тек жеңістерге ұмтылған, биіктерді бағындырамын деген жастар елдің ертеңгі күнін арайлы ете алады. Міне, сондай жастарымыз бар болса және де олар ешқашан шаршамай еңбек ететін болса, «Қазақстан-2050» стратегиясы бойынша, біздің мемлекет әлемнің дамыған, озық техникалы отыз елінің қатарына кіре алады.
Қорыта айтқанда, жастар – бұл қоғамның барынша серпінді, белсенді тобы. Жастар қазіргі кезде егде жастағы кісілерге қарағанда өзгерістерге тез бейімделеді. Жастарға өмірге төзімділік, ұтқырлық, тапқырлық, белсенділік, т.б. қасиеттер тән. Қазіргі жастар білімге табандылықпен ұмтылатын, спортқа күш салатын, саясатқа ат салысатын ең үздік топтардың бірі. Демек, біздің егемен еліміздің еңселі жастары, кешегінің кемелденген ұрпақтары барынша мінсіздікке ұмтылса, соншалық Қазақстан да дүние жүзінің дамыған 30 елдерінің қатарына кіреді деп ойлаймын. Бастысы – талмай еңбектену, әрқашан алға ұмтылу, даму жолындағы қиындықтарға төтеп беру!