
Былғары Г. — ТарМУ студенті (ПСХ-2103-3 тобы)
Кеңесбек Н. — ТарМУ студенті (ПСХ-2106-3 тобы)
Ғылыми жетекшісі — магистр, аға оқытушы Үсенова С.М.
ЭТНОПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ӨЗІНДІК САНАНЫҢ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ
Этнопсихологияның көптеген мәселелерін тұлганың өзіндік санасы сондайақ әлеуметтік және этностық топтар өзіндік сана жайлы ғылыми көзқарастарды ескере отырып түсіндіруге болады.
С.Л. Рубинштейн сана мәселесін зерттей келе ,өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі. Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі – басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты. Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды,алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы туындайды. Сондай-ақ С.Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның «Мен» бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады. Осы қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарым-қатынас нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады.Қарым-қатынас үрдісінде басқа адамды қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады. Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни басқа адамның көзімен қарай ашу іскерлігімен, өзінің әреккеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады. Өзіндік сана сана мен еріктің бірлігі ретінде балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады. Өзіндік сана көптеген құрылымдық бірліктерден тұратын өте күрделі психикалық құрылым болып табылады. Өзіндік сананың құрылымына кіретін компоненттерді салыстырғанда зерттеушілердің пікірі бір ортадан шықпай жатады.
Басқа ғалымдардың еңбектерінде де дәл осы компоненттер кездескенімен,біреулерінде олар форма ретінде, немесе тәсіл ретінде қарастырылған (В. Джеймс, В.М. Бехтеров, В.А. Ядов және т.б).
Өзіндік сананың басты қызметі-адамға өз әрекеттерінің мотиві мен нәтижелеріне қол жеткізу, өзін-өзі бағалауына, өзінің кім екенін түсінуінемүмкіндік беру. Егер бағалаулары өз көңілінен шықпаса, онда өзін-өзі жетілдіру мен айналысуға болады, немесе қорғаныс механизмдері арқылы жағымсыз жайттарды ығыстырып, көзіндегі конфликтіні болдырмауға көмектеседі.
Өзіндік сана — бұл адамға тән бастапқы немесе алғашқы мәлімет емес, ол дамудың өнімі.
Адамның өмірлік тәжірибесі жинауына қарай оны өмір жайлы қайта ойландырады. Осы қайта ойлану үрдісіадамның барлық өмірінде жүре отырып,адамның өмірде шешетін тапсырмаларының ішкі мазмұны мен ісәрекет мотивін анықтайтын ішкі дүниесінің негізгі мазмұнын қалыптастырады.
Адамның қоғамдағы, еңбектегі, жеке өміріндегі кез-келген өзгеріс тек оның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ өзіне деген қатынасын, сол жағдайдың субъектісі ретінде де өзгертеді.Өзін ұғыну дегеніміз ол тек өзін психофизикалық тіршілік иесі ретінде ғана ұғыну емес, ол ең алдымен өзін әке ретінде, тәрбиеші,ұжымның мүшесі ретінде сезінуі болып табылады.Ұлттық және этникалық өзіндік сана.Ұлттық өзіндік сана дегенде адамның белгілі бір ұлтқа қатысты санасы деп түсінуге болады, яғни , адамның белгілі бір ұлттың өкілі ретіндегі өзіне деген көзқарасы болып табылатын тұрақты, ұғынымды жүйе.
Ұлттық өзіндік санаға ұлттық ар-намыс, отанға деген махаббат, Ұлттық мәдениеттің объектілерін қабылдаудағы қуаныш, қандай да бір саяси қадамдар мен идеологиялық жағдайдың әділеттілігіне деген сенімділіктің болуын жатқызамыз.
Австриялық әлеуметтанушы және саясаттанушы Отто Бауэр ұлтқа тән табиғи және мәдени белгілерін анықтап көрсеткен.Оның айтуынша,ұлт «табиғи қауым» ретінде ата-ананың қасиеттерінің балаға берілуі тұқымқуалаушылықтан шығады. Дегенменде ұлтты ерекшелейтін белгісі ол сол халықтың тілі мен мәдениеті екенін де айтқан. «Мәдени қауым болмаған жағдайда, ол тек белгілі бір нәсіл ғанаболып қалады әрі ол ешқашан ұлт бола алмайды» деп жазған екен Бауэр.
Ұлт — бұл өзінің шығу тегімен, тілімен, территориясымен, экономикалық жағдайымен сондай-ақ қауымдағы олардың этностық санасы мен өзіндік санасынан көрінетін психикалық құрылымы мен мәдениеті арқылы сипатталатын адамдардың ерекше тарихи қауымы.
Ұлттық қатынас көптеген кешенді сипатқа ие. Қатынасқа түсуші субъектілер өздерінің этностық санасы мен өзіндік санасын, сонымен бірге өздеріне тән сезімдері мен ақыл-ойларын жария еткендіктен белгілі бір шамадағы бай рухани мазмұнға ие болады. Осы кездерде кей жағдайда әр түрлі иллюзиялар адасулар және аңыздар да көрінеді. Бұл-халықтар арасындағыұлттық-этностық қатынастарының көріну ерекшеліктерінің бірі.
Этностық өзіндік сана Адамдардың бірлескен ұзақ тіршіліктерінің үрдісінде әрбір топтың аймағында бір топты екіншісіненер ерекшелейтін жалпы ортақ әрі тұрақты белгілері қалыптасты. Осындай белгілерге тіл, тұрмыс мәдениетінің ерекшеліктері, сол халыққа немесе этносқа тән салтдәстүрлері жатады. Бұл белгілер халықтың этникалық сана сезімінен көрінеді. Халықтың этностық өзіндік сана ерте ме, кеш пе , оның шығу тегіне белгіленіп, салт дәстүрлерінен, өзінің басқа халықтар ішіндегі орнын белгілеп білуінен, яғни өзінің өзіндік сана көріне бастайды. Этностық өзіндік сана субъектінің өзінің этностық қауым ретіндегі ұғынуынан да көрінеді.