ПОЛИ ЖӘНЕ МОНОЭТНОСТЫҚ ОРТАДАҒЫ МӘДЕНИЕТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Абибуллаева К. – ТарМУ студенті (ПСХ-216-3 т.)
Ералы Ә.– ТарМУ студенті (ПСХ-215-3 т.)
Ғылыми жетекшісі — магистр, аға оқытушы Үсенова С.М.

ПОЛИ ЖӘНЕ МОНОЭТНОСТЫҚ ОРТАДАҒЫ МӘДЕНИЕТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Біздің еліміздегі этнопсихологиялық мәселелер туралы зерттеулерді екі негізгі бағытта қарастыруға болады. Жұмыстардың бірінші тобын көптеген ұрпақтардың шығармашылық даналығының негізі болатынын халықтың психологиялық тәжірибесін зерттеп құрайды. Осы тәжірибені ғылыми тұрғыда зерттеудегі маңызды қадам ретінде Ш.Уалихановтың, Ж.Аймауытовтың, Т.Тәжібаевтың еңбектерін атауға болады. Бүгінгі таңда осы дәстүрді Қ.Б.Жарықбаев. С.М.Жақыпов. Н.Елікбаева. т.б. болып табылады.
70 жылдардан бастап еліміздің бірталай ғалымдарының профессор
Н.Джандельдиннің «Ұлттық психологияның табиғаты» профессор Н.Елікбаевтың «Ұлттық психология» еңбегінде бүгінгі этностық психологияның кейбір теориялық әдіснамалық мәселелері қамтылған. Сонымен қатар аталған ғалымдар көптеген ғылыми конференцияларда этностық психология тақырыбына байланысты мақалалармен халық көпшілікке ой салуда.
Бүгінгі этнопсихологиядағы міндеттерді айта отырып В.К. Шабельников халықтардың өткен кезеңдегі психикалық турпат өзгерістерін өзгертіп зерттеп қана қоймай болашақ кезеңдегісіне де алдын ала болжау жасау қажет екенін атағаны мәлім. Бұл әрине сананың детерминация механизмдері мен гео био детерминациясын зерттеп білгенде ғана мүмкіндігі бар. Ғалым Қазақстанның айрықша аймақтықбиосфералық жағдайына сәйкестенетін ұлттық дәстүрлер мен текстік өмірдің өзін психологиялық жаңа формаларымен салыстыруда жете түйсінуге тоқталған.
Сондай-ақ бұл бағытта Б.А.Әмірованың этностық жаңсақ танымдарының оқыту процесіне әсер ететіні туралы зерттеулері А.Т.Малаева, Л.К.Көмекбаева ғылыми еңбектерінің маңызы зор.
Біздің эксперимент мектеп оқушыларына 2016 жылдың ақпан айынан бастап наурыз айына дейін жүргізілді.Зерттелінушілер зерттеуге белсенді қатысты.Еш қарсылық реакцияларды көрсеткен жоқ,көмектесемін деген ниетпен қатысты.Зерттеу алдында зерттелінушілерге жауап бланктері таратылды,және әдістемелерге жауап беру жөнінде инструкция айтылды. Оқушылар инструкцияны тез қабылдап,орындауға кірісті.Әдіснамаларды толтыру барысы 1сағат 20 минут уақытты алды.Бірінші Л.Г.Почебуттың Мәдени құндылық бағдар тестті өткізілді,екінші О.И.Комиссарованың Топтағы нормалық қалауларды өлшеу әдіснамасы өткіздім,үшінші
В.В.Столин Тұлғаның өз-өзіне қатынасын зерттеу әдіснамасын жүргіздім. О.И.Комиссарованың әдіснамысында шамалы қиындықтар болды,бірақ бұл қиындықтарды оңай жеңдік.Л.Г.Почебут, В.В.Столин әдіснамаларын инструкциясын тез түсініп оңай орындады. Әдістемелер қазақ тілінде болды.Тілдік бөгеттер болмағандықтан, сұрақтарды түсінуде қиындықтар туындаған жоқ.Оқушылар зерттеуге белсенді қатысты және нәтижені білуге қызығушылықты көрсетті.
Біз этностық «Менді» зерттеу барысында кез келген тұлға өзінің дамуы қоршаған ортадағы мәдениеттің ерекшеліктеріне де байланысының барын не жоқтығын байқау үшін Л.Г. Почебуттің «Мәдени құндылық бағдар» әдістемесін қолдандық.
Ұсынылып отырған әдістеменің басты авторы Дж. Таусенд болып табылады. Этномәдени айырмашылықтарды зерттеу кезінде қандай да бір мәдениеттің таза түрін табу өте қиын, өйткені қазіргі уақытта адамдардың миграциясы, әрі құнды болатын жан дүниелерінің өзара ауысуы жүруде. Мәдени құндылық бағдар тесті бұл тұлғалық тест, ол зерттеліп отырған мәдениеттің қалыптасуы мен құрылуының негізгі тенденцияларын зерттеуге арналған.
Біз эксперименттің нәтижесінде моно және полиэтностық ортадағы мәдени құндылық бағдардың ерекшелігінің нәтижесін алдық (кесте). Алынған мәліметтерден мынадай қорытындылар шығып отыр. Дәстүрлі мәдениетке қазақ ұлты 75 % балл берсе, ал полиэтностық ортадағы топтар 55 % балл берген.
Қазіргі заманның тез ағымы өмір салты мен дәстүрлерді де өзгеріске ұшыратуда. Аса байқалмағанымен соңғы жылдары қазақ қауымының арасында шетел мәдениетіне еліктеу жүріп жатыр. Шыққан нәтижелерде осы әсердің полиэтностық топтарға емес, керісінше қазақ халқына әсер бар екендігін көріп отырмыз. Келесі типтің нәтижесіне тоқталып болсақ жоғарыда айтылып кеткен ойымызға дәлел табамыз, өйткені пайыздық жағынан «Қазіргі заман мәдениеті» қазақтар арасында үлкен орынды алып отыр, ал полиэтностық топ өкілдеріне керісінше төмен. Мұндай динамиканы басқа жағынан түсіндіруге болады. Сандық құрамы аз халықтар өз этносының ерекшелігін сақтау мақсатымен көбінесе өзіндік салт-дәстүр мәдениетке жақын жүреді Сондықтан да Қазақстандағы полиэтностық топ өкілдерінің көрсеткіші осындай нәтижелер көрсетіп отыр . Соңғы типтің көрсеткіштерінің айырмасы аса айқын емес, яғни динамикалық дамып жатқан мәдениет әсері әлі толық біздің елімізге толық ене қойған жоқ. Оның әсері болашақ уақыттарда сезілуі мүмкін. Өйткені бұл тип шетел халқының өмір салтына жақын келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *