
Криминалды субмәдениеттің атрибуттары.
Таңбаларды сәйкестендіру және тану үшін, ұзақ уақыт қолданылып келе жатыр. Мысалға алатын болсақ,, совет үкіметінің алғашқы жылдарында осы мақсатпен қылмыскерлердің таңбаларын тіркеуден міндетті түрде өткзу енгізілді. Сонымен қатар, таңбалар қылмыскердің рухына, оның мамандығына, нақты қылмыстық ісін, қылмыстық иерархиядағы алатын орнына жақын болады. Егер осы таңбаларды иесінің денесінде орналасуына мән беретін болсақ, олардан кейбір биографиялық мәліметтерді алуға болады. Таңбалар, қамаудың негізгі себебі болғанымен, оларды салу, айналадағыларға қорқыныш сендіру үшін көп қолданады. Таңбаларды салу, олар үшін ең маңызды жұмыстардың бірі болып саналады..
Таңбалар – денедегі тері қабатын пісетін немесе кесетін құралдармен кесіп, денеге әр- түрлі бояғыш заттарды енгізу арқылы тұрақты, өшіп қалмайтын суреттер немесе бейнелерді салу.
“Таңба” сөзін кейбір ғалымдар полинезия тілінен аударғандағы “тэту”- сурет, немесе “Тики” – өмірге таңбаны енгізген полинезиялық құдаймен байланыстырған. Кейбір зерттеушілер “таңба” сөзін явай тілінде “тау” – “жара” немесе “жараланған” деген мағына беретінін айтқан.
Гелльштерн өзінің “Қылмыскерлердегі таңба” атты еңбегінде “таңба” сөзінің шығу тарихын, теңіз саяхатшысы Кук есімімен бйланыстырады. Гаити аралында болған теңіз саяхатшысы сол жердегі халықтың өз тайпаларындағы кәмелеттік жасқа толған мүшеге таңба салғанына куә болды. Содан бері таңба салу бізге де жетті.
Европа елдерінде таңба жайлы алғашқы мәлімет XVIII- ғасырдың басынан бері белгілі. Жәрмеңкелерге денелері таңбаланған адамдар каражат үшін демонстрация көрсеткен.
1890-шы жылы француз әйелі “Ғажайып Ирэна”, жұрт алдында өзінің денесіндегі таңбаларды көрсетіп (ол кездегі бұндай көрініс экзотикалы дәрежеде болған), әлемге танымал атанған.
Содан бері таңба салу, әсіресе,теңіз саяхатшыларының арасында кең жайылды. Қылмыстық өмірге тез еніп кетті.
Ломброзо ең алғаш қылмыскерлер арасында таңба салуына көңіл бөліп, ахуалы бар адамдардың мінезінде ата тектерінің белгілерінің көрінуі деп тұжырымдаған. Қазіргі кезде бұл тұжырымның қате екені анық. Зерттеулер бойынша, алғашында қылмыскерлердің үстіндегі таңбалар, еліктеу сипатында болып, оған үстірт, еш қызығушылықсыз қарағаны анықталған. Жылдан жылға таңбаға аса көңілмен қарап, таңбалары барлар лидерлікке ұмтыла бастады. Кейіннен қылмыскер үшін, таңба салу, құпия тілдің белгілері ретінде өзара қарым — қатынас жасау үшін қолдана бастады. Бұнымен тек қана қылмыскерлер ғана қолданған жоқ, сонымен қатар бостандықта жүрген адамдар да қолдана басатды.
Қылмыстық өмірдің бейнелік символикасы біртіндеп пайда бола бастады. Уақыт өте келе суреттер өңделіп, қайта қаралып отырылған. Қазіргі кезде таңбалар мағынасы тереңдеп, индивид ойын, оның әлеуметтік тұрғысын және құндылықтық бағыт — бағдарын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер сотталғанның иығында алты немесе сегіз қырлы жұлдызша болса, онда оның бостандықтан айырылған жерде, ол ішкі тәртіпке бағынбайтын, жұмысқа оңай салуға жарамайтын, агрессивті болғанын білдіреді. Әрбір осындай сотталған, ұрылар, беделділерінің ойлары бойынша, ерекше рухқа толы болу керек. Осы рухты тексеру үшін, «тіркеу» деп аталатын ерекше сынаудан өтеді. Мысалы: жаңадан келген сотталғанның психикалық шыдамдылығын тексеру үшін, жіңішке жіптің бір үшін төсектің аяғына байлап, екінші үшін жыныс мүшесіне байлап, екінші қабаттан секіруге бұрық береді. Шыдасаң — өз адамдарының арасында сәйкес орынға ие боласың, шыдамасаң – статусын төмендейді. Егер аяқта, қанжарды мықтап ұстап тұрған қол бейнеленсе, ол бұзақылық үшін сотталды дегенді білдіреді.
Таңбаның келесі анализі мынаны көрсетеді, таңба салынатын суреттер әрдайым өзгеріп отырады. Сондықтан олардың бір ғана анықтамасы бола алмайды. Бірақта осы таңбалардың жүздеген түрлерін ұзақ уақыт бойы жалпылап, оларды зерттеу негізінде, сәйкес келетін жағдайларда барлығына ортақ белгілерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі күнде қылмыскерлердің өз денесіндегі таңбаларын көрстеуге ұмтылмайтынын ескерген жөн. Адам баласы таңбалардың мәнін білмей оны салады. Мысалы ретінде, Владимир Ильич Лениннің денесіндегі таңбаны алып қарастыратын болсақ, бұл ұрылардың белгісін білдіреді. Бұны былай түсіндіруге болады: В.И.Ленин “Вождь Октябрьской Революции” атанғанмен, алғашқы бас әріптеріне мән беретін болсақ “ВОР” деген аббревиатураны білдіреді. Тағы бір мысал, әйел адамның есімі “ИРА” алғашында ешқандай күдік тудырмайды. Ал оны ашып қарастыратын болсақ, қылмыскерлер арасында бұл- “Иду резать актив” дегенді білдіреді. Немесе рецидивистер кеудесінде “Мадонна мен екі қолында ұстап тұрған бала” суретін жиі көруге болады. Сотталғандардың өздері бұған мынадай түсініктеме дереді: “Үйді немесе жанұя мен балаңды аңсау”.Бірақ шын мәнінде “Түрме – туған үйім”, “Түрме балалары” дегенді білдіреді.
Таңба салудың түрткі болатын мотивтерінің бірі ретінде мыналарды айтуға болады:
— бостандығынан айырылған қылмыскерлерді өз ортасына қабылдау заңдылығы;
— сотталғандар арасында өз тұлғасын таныту;
— атақ, өзінің маңыздылығын көрсетуге ұмтылу, өзгелерге деген үстемдік;
— таңбалары бар, тәжірибелері мол, беделді қылмыскерлерге еліктеу;
— жазалау мерзімін өткізген жерлер жайлы өзіндік белгі, қылмыскерлер арасындағы ынтымақтастық (“Братство” белгісі);
— түрме романтикасы.
Қылмыстық өмірдің касталары жайлы айтатын болсақ, оның ішінде таңбалары барлар, қазіргі кезде олар мәдениетті және білімді деп айтуға болады. Өйткені олар қоғамдық процесстер арасында жүріп, саяси жағдайларды біліп отырады. Олар –жақсы психолог, талдаушы, идеолог. Айғаймен емес, сендірумен әсер етеді. Олар ешқашан ешкімге қол жұмсамайды, өйткені осы үшін колонада қосымша мерзім үстіне қосып беретінін олар жақсы біледі. Ондай жұмыс үшін жаңадан келгендер толып жатыр, “новичектар” отқа да, суға да түсуге дайын. Сондықтан өздерін мәдениетті ұстап, қарта ойнағанда да өздерімен тең дәрежедегілермен ойнайды.
Таңба белгілерін жіктеу қиын іс блып табылады. Оны жіктеу мүмкін емес деп те айтуға болады. Әр уақытта зерттеушілер бұл жұмысты бастап, аяғына дейін толық жеткізген емес. Өйткені суретті таңдау мотивтерінің әртүрлілігі, тақырыптамалығының байлығы, таңбаларды салу техникасы мен орналасуы зерттеушілерді ертелі — кеш жарты жолда тастауына себеп болды.
Кейде таңба көмегімен қылмысты әшекерлеу кездері де болған. Таңбаның — қару, қарта, стакан (рюмка), шприц деген композициялары екі түрлі мағына береді: бірінші – «жеңіл, көңілді өмірге құмарлық» болса, екіншісі – «бізді құртқан осылар» дегенді білдіреді. Мысық тұмсығы, ұрының сақтығын білдіреді. Иықтағы раушан гүлдің мағынасы: иесі, кәмелеттік жасқа колонада толған.Бұл таңбалар мағыналары болған оқиға негізінде алынған. Белгісіз, шамалы, қырық жас аралығындағы ер адам денесін су бетінде қалқып жүргенін тауып, оны зерттеген кезде, жанында ешқандай құжаттар болмағанмен, өліктің есімін оның үстіндегі таңбаларды әшкерлеу (расшифровка) жасау негізінде анықтаған. Тергеуші әшкерлеу жасап, мынаны анықтаған: қайтыс болған адам, колонаға бірінші рет кәмелеттік жасқа толмай түскен. Онда екі жылдай, ұрлық үшін отырған. Күн тәртібін бұзуға әуес, жанындағылардан қысым көрген. Қатал тәртіпті колонада отырғаны мәлім. Бостандықта жақсы көретін әйелі тосқанын анықтауға болады. Ұрыладың тобында болғаны және өте сақ, әкімшілікке қарсы бағытталғанын байқауға болады. Алдыңғы уақытта да қылмыстық әрекетпен айналысатынына ниеті бар. Кейін, өлгеннің өмірбаянымен салыстырған кезде, тергеушінің денесіндегі таңба арқылы дәл айтқанына таң қалған.
Қоғамға қарсы әрекеттерге және құқық бұзушылық әрекеттерге итермелейтін таңбалар ертеден бері келе жатыр. Мысалға алатын болсақ, “union” жазуы бар, әшекейленген гүл тізбегімен бейнеленген екі қолдың қысуы – Оңтүстк Францияның қылмыскерлік қоғамдастығының белгісі. “Т” және “L” – латынның бас әріптері – Германиядағы ұрылар тобының белгісі.
Қазіргі уақытта келесі таңба суреттеріне мән беру керек: қаңқа, тәж – билікке деген ұмтылыс; арқасындағы тәж белгісі – қорлау; жолбарыс немесе басқа жыртқыш бейнесі – қатты ашу (ярость), келісімге келмеушілік;
Жылан (иерархияның жоғары деңгейі), қанжар, пышақ, балта – кек, қатыгездік, жауыздық, қауіп – қатер;
Кілт – құпияны сақтау; жан алғыш (палач) – ұрылар заңын есте сақта; Мадонна – жат болу; факел – достық; жұлдыздар – бағынбаушылық.
Қосымшада таңбалардың кейбір түлері мен мағыналары берілген.
Таңба салу тәсілі: ең жеңіл түрі, таяқшаға немесе ши басына оралған екі немесе үш инені бояғыш затқа малып, алдын ала салынған суретті бастырады. Ине болмаған жағдайда, жіңішке темір немесе дәптердің темірімен алмастырылады, ал бояу, татты зәрмен араластырып, қант қосу арқылы жасайды. Бұл әдісті көбінесе изоляторда отырғандар қолданады. Кейде бояу орнына қаламның сиялары қолданылады.
Таңба салуға деген сұраныс өсе келе, таңба салу әдісі де өзгере бастады. Штамп түріндегі әдіс, таңба салушы тақтаға сурет салып, оған барлық үшкір заттарды қадайды да, дененің керекті жерімен сол қадалған үшкір заттарға басып, қызарған жерлерге бояу енгізіледі. Бұндай штамппен көп адамдар қолдана алады.
Қазіргі кезде сотталғандар таңба слау үшін лезвиялар қолданады. Бұндай құралмен
сурет анық және едәуір тез жасалады.
Өз — өзіне таңба салу сирек кездеседі. Көбінесе, таңба салуды жақсы сала алатын басқа адамға бұйырады және ол ақылы болады.
Қылмыскерлердің вербалды және вербалды емес қарым – қатынасы.
Вербалды қарым – қатынас:
Қарым – қатынас бөлігінде сөйлеу мәдениетінің келесі ерекшеліктерін бөліп көруге болады:
— әлеуметтік ер жету және адамгершілікті көрсету (қарсылық көрсетпейді, еш көмексіз өз пікірін айту);
— өзіндік ойлау деңгейінің дамуын көрсететін, ерекше, қайталанбайтын сөз – паразиттердің болуы;
— сөйлеуге қарағанда, қолмен көп қолдануы (сөйлеген кезде өзіне қолмен көмектесу);
— қатал тәртіп кезінде, қауіпті жағдай кезінде өз — өзін қорғауға даярлық;
— мәнсіз сөздерге ашулану;
— сөйлеу кезіндегі жалған мен шындықтың, еріксіздік пен қасарушылықтың, өзі сияқтыларға өшпенділік пен топтық ұйымшылдықтың, әйелді болуға қарсы болушылық пен сексуалды құмарлықтың қатар жүруі;
— өзіндік меннің жоғары дәрежеде болуы: өзін, өз өмірін ерекше етіп санау;
— өз- өзін нақтылау ( «ерік берсен барлығын да ұрлаушы едім» және тағы басқа);
— Ішкі Істер Бөлімдерінің жұмыскерлерімен қарым – қатынаста белгілі аралықты сақтау, оларды тірі адам ретінде санамау;
Жаргон (“блатная музыка”, “феня”) қылмыскерлер арасында қарым – қатынастың бір түрі ретінде қолданылады және тергеу кезінде көрінуі мүмкін.
Қазіргі кезде қылмыскерлік әрекетте күдіктенген тұлғалардың жаргондық тілдерін зерттеу өзекті болып келеді. Бұл тіл арқылы ұрылардың немесе басқа да қоғамға қарсы топтардың ұжымдық эмоцияларын көруге болады.
Криминалды ортаға жататын тұлғалардың осындай сөздерді қолдануы:
1. қылмыстық қоғамдастықтың ойларын білдіртпеу;
2. қылмыстық ортада өзін нақтылау немесе қоғамдастықтың өзге адамдарға деген үстемдікті көрсету (мысалы, қылмыстық ортада барлық адамдар — “гаврик”, “шибздик”, “волосатик”, дубак” деп бөлінеді, ал милиция адамдары — “легавый”, “лягушка”, “жаба”,”псы”, “снегирь”, “клух” деп бөлінеді);
3. “өз” адамдарын мамандыққа байланысты касталарға бөлу (мысалы, ұрылардың мынадай мамандықтары болады: “мойщик” – вагондағы жолаушыларды жалғыз өзі тонайтын немесе мастарды тонайтын, “охотник” – кедей кәсіпқой (профессионал), “барабанщик” – терезені немесе есікті алдын ала тоқылдатып, үй ішілердің бар – жоқ екнің тексеріп, тонайды, “тихушник” – құлыптанбаған үйлерді тонайтын ұры);
4. агенттердің жіберген адамдарын тауып алу үшін;
5. топ ішіндегі иерархия жүйесінің бейнесі (қоғамдастық мүшелерін жаргонмен атау, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Мысалы, “косматый” –топ басшысы, “валет” – қылмыстық өмірдің беделділеріне асты үстіне түсушілер, “взросляк” – кәмелеттік жасқа толған қылмыскер.) және тағы осы сияқты.
Құқық қорғаушы органдар жаргондарды шешу кезінде көптеген қиыншылыққа тап болады.
Біріншіден, криминалды өмірдің өкілінен қолданған жаргонның мағынасын сұрап білу өте қиын. Бірнеше сұраудан өткен, күмәнданушы, өзінде “жік – жапар” (запирательство) болу тактикасын ашады. “Жік – жапар” болу тактикасы, құқық қорғаушы органдарының тәжірибелі мамандарының айтуы бойынша, қылмыскер арасындағы түсініспеушілікті тудырады. Ал қазіргі энциклопедиялар, сөздіктер жылдам өзгеріп отыратын жаргондар мағынасын жазып, түсіндіруге үлгермейді.
Екіншіден, сөздіктердегі жаргон мағыналарының түсінігі жаңарып отыруы.
Үшіншіден, жаргон мағынасы, сөйлемдегі байланысып тұрған сөзге, жағдайға байланысты, ішкі себептерге байланысты мағына береді. Мысалы, “навернуть” – “бір нәрсені істеу” дегенді білдіреді, ал “ навернуть скачок” – бұзып ұрлау, “навернуть бабки” – ақша табу, “навернуть фраера” – біреуді алдау.
Төртіншіден, құқық бұзушылар да қарапайым халық та осындай жаргондарды қолдануы, криминалогиялық салыстыруды қиындатады.
Ішкі Істер органдарының қызметкерлері қылмыскерді тану үшін керекті құрал ретінде білуі қажет. Олардың қылмыскерлермен қарым – қатынас жасау үшін және бұл қарым – қатынас мәнді болу үшін керек. Қылмыскердің айтқан сөзін дұрыс түсінбеу немесе қызметкердің орынды емес жаргонды қолдануы қақтығыстық жағдайға әкелуі мүмкін.
Вербалды емес мінез — құлық (саналы түрде емес жасалған әрекеттер):
— бейтарап (нейтральные) тақырып кезінде де сақтықтың көрінуі: үңілген көзқарас, көзді сығырайту, жауап беру алдында маңдайды тыржыйту;
— күмәндік пен жасырын белгісінің көрінуі (көз бұрышынан, қырынан қарау);
— бетті жауып тастайтын қолдың белгілері, қолды жасыру;
— қызбалықтың (нервознсть) көрінуі (қолдың белсенді қозғалысы, бірінші орында саусақ пен қолдың буыны, жиі жөтелу, көздің жұмып ашуының жиілігі, ерінді немесе тырнақты тістеу,қызметкер көзіне қарамау және тағы басқа);
— шынайы емес қуаныш (аяғын алшақтатып отырған);
— жағдайға сай емес күлімсіреп, жолдастықтың аса көрінуі және тағы басқа.
Криминалды өмірдің өкілдерінің вербалды емес ерекшелігін, Д.С.Лихачев, сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышы жоқ сөйлемге теңестірген. Бұндай ерекшелік қылмыскердің қобалжуын төмендететін және көп сөзді ұнатпайтын қылмыскерлер арасында көп қолданады.
Көзбен қарым – қатынастың белгілері –“ручная феня” (саналы түрде вербалды емес мінез — құлық). Бұндай белгілермен көбінесе бұзақылар, карташылар, жезөкшелер және қылмыскерлер қолданады. Карташыларда мәліметті беруде шынайы жестер, көзбен сөйлесу көбірек орындалады. Көзбен қарым – қатынас арқылы: көпшілік ортасында құпиялы мәліметті жеткізу; мәліметті беру жылдамдығын; белгілі бір ортаға ғана тісінікті болуды қамтамасыз етеді.
Мысалы, психологиялық зерттеулер негізінде, сұқ саусақты (указательный) жұдырықта қысып ұстау, тұлғаның өз іс — әрекеттеріне сенімсіздігін, және сол адамның тұйықтығын білдіреді дейді. Ал тергеушілер ойынша амалсыз жағдайда қалуын білдіреді дейді. “Т” әрпі тәрізді екі алақанын ашып тұрған қол жесті, айыптың қатаңдығын білдіреді, ал жаргон тілінде – “крышка”, “амба”, “крепко сел” деген терминдерді білдіреді. Сұқ саусақтың бір – біріне қарама – қарсы айналуы сенімсіздік пен белгісіздікті білдіреді.
Сотталғандардың жесттері мен көздерін бақылау, көптеген маңызды мағлұмат береді. Мысалы, иегін сипаумен қатар көзін қысу- “маған жақындашы дегенді білдіреді; кеудеге қолды қағу немесе шанын қағумен қатар көзді кезек – кезек қысу – “жақындама дегенді білдіреді; егер қарта таратушы сол жақ көзін қысып саусақтарын жұдырыққа түйсе – араласқан қарта екендігін және серіктес “ва-банк” жүруі мүмкін дегенді білдіреді.
Тану белгілеріне сонымен қатар, саусақтың қозғалуы да жатады. Көбінесе ұрылар мен қарташылар қолданады. Ойын кезіндегі өз адамдарын анықтау үшін жиі көзді қысу немесе үлкен саусақ пен сұқ саусақты дөңгелету; егер серіктес ойын кезінде жұдырығын қатты жұмса – “бар ақшанды сал” дегенді білдіреді.