
ДНҚ жəне РНҚ түрлері
ДНҚ-ның молекулалық массасын негізінен гидродинамикалық жəне электронды-микроскопиялық əдістермен анықтайды, бірақ оны ДНҚ ерітіндісінің сəуле сіңіруін өлшеп жəне басқа əдістермен анықтауға да болады.
ДНҚ-ның молеқулалық массасын оның ерітіндісін ультрацентрифугалау арқылы анықтағанда гидродинамикалық əдістің негізі ДНҚ-ның седиментация константасы мен молекулалық массаның арасында сызықтық тəуелділік болады, оны калибрлік қисық сызық немесе формула арқылы анықтауға болады.
0,445 lgМ = 1,819 + lg (S°20,w – 2,7)
мұнда S°20, w – седиментация константасы. ДНҚ-ның молекулалық массасын электронды-микроскопиялық əдіспен анықтау ДНҚ-ның созылған молекуласының ұзындығын өлшеуге негізделген. Оның молекуласының 0,1 нм ұзындығына 197 Дальтонға тең масса келетіні белгілі. Бұл мөлшерді ДНҚ молекула- сының тəжірибе арқылы алынған ұзындығына көбейтіп, молекулалық массасын табады.
Эукариот жасушаларынан нативті ДНҚ-ны бөліп алу өте қиын, себебі ДНҚ-ның бөлініп алынған молекулаларын үзіліп кетуден сақтайтын арнайы əдістер əлі табылған жоқ.
Сондықтан да вирустар мен фагтардың ДНҚ-лары үшін ғана нақтылы сандар алынған (25-кесте), себебі одан белок қабатын абайлап алып, ДНҚ бөліп алған оңайлау.