
Патогенді анаэробтар (клостридиальді және клостридиальді емес).
ПАТОГЕНДІ АНАЭРОБТАР
Анаэробтар мен факультативті анаэробтарға қарағанда облигатты анаэробтар тек қана оттексіз ортада дамиды. Бірақ олар қоршаған ортада кең таралған. Олар әсіресе топырақта, су каналдарында, кейбір жануарлардың ішек трактісінде, құстарда, балықтар мен адамдарда кездеседі. Анаэробтар барлық жерде, яғни органикалық және бейорганикалық заттарға бай, оттексіз орталарда өседі.
Сонымен қатар анаэробтар адамның ішек трактісі мен ұсақ қоректі жануарлардың қалыпты микрофлорасының көп бөлігін алады.
Қатаң анаэробтарды 2 топқа бөлуге болады:
1. Спора түзушілер
2. Спора түзбейтіндер
Спора түзетін анаэробтар Clostridium тобына, Bacill aceaae туысына жатады. Спора түзбейтін грам теріс бактериялар Bacteroides тобына, грам оң бактериялар Bifidobacterium тобына, Lactobacill aceae туысына жатқызылады.
Қатаң анаэробтар қатарына метан түзуші (Methan obacteri aceae) және басқа да бактериялар жатады.
Адам мен жануарларға патогенділігі бойынша Clostidium, Bacteroides, Fusobacterium, Campylobacter-лер маңызды орын алады.
КЛОСТРИДИЯЛАР
Clostidium тобының бактериясы оваль тәрізді немесе дөңгелек спора болып табылады. Олар субтерминальды, терминальды және орталық орналасады.
Клостридиялар табиғатта кең тараған. Олардың өсетін ортасы шөпқоректі жануарлардың ішек трактісі, топырақ болады. Адам мен жануар ішегінде клостридиялар туылғаннан кейін пайда болады.
Әдетте клостридиялар тамақпен, ластанған топырақпен адам мен жануар ішегінде түскенде ауру тудырмайды. Ауруды клостридиялар тек жарақат орнына түскенде тудырады.
Клостридиялардың қасиеттері: Үлкен таяқшалы, перитрихиольды талшықтары бар. Олар овальды немесе дөңгелек спора түзеді. Грам оң, хемоорганотрофтар, сульфатты қалыптастырмайды. Бірі – қантты, басқасы – протеолитикалық қасиетке ие. Глюкозаны және тағы басқа көмірсуларды ферменттейді. Штамдарының көбі қатаң анаэробтар, бірақ кейбір түрі оттекті ортада өсе алады. Құрамында Г+Ц (ДНҚ-да) 23-43% болады.
Clostidium идентификациясы, желатинді ерітуі бойынша 4 топқа бөлінеді:
I. Споралары субтерминальды
a. Желатин гидролиздемейді – І топ, түр 1-11
b. Желатин гидролиздейді – ІІ топ, түр 12-31
II. Споралары терминальды
a. Желатин гидролиздемейді – ІІІ топ, түр 32-50
b. Желатин гидролиздейді – ІV топ, түр 51-56
Клостридиялардың тағы 36 түрі адамның клиникалық материалынан, 24 түрі – ауру жануарлардан алынды. Бұлардың қатарына c tetani (споралары терминальды, желатинді гидролиздейді – ІV топ), c botulinum, c perfringens, c novyi, c septium, c sordell, c histolycum, c difficle, c sporogenes жатады.