Дифтерия микробиологиясы

Дифтерия микробиологиясы.
Дифтерия — жедел дамитын жұқпалы ауру, жиі жас балалар ауырады, организм дифтерия токсинімен кұрт улануымен бірге қоздырғыш еңген орнында фибринозды қабыну процесін тудырады. Аурудың аталуы грек сөзінен dіphthera — тері, қабыршақ, себебі, қоздырғыш көбейген орнында тығыз ақшыл-сүр түсті қабыршақ пайда болады.
Дифтерия қоздырғышы — Corіnebacterіum dіphtherіae алғаш рет 1883 жылы Э.Клебс ашты, Ф.Леффлер 1884 ж. қабыршақтан қоздырғыштың таза дақылын бөліп алды. Э.Ру және А.Иерсен дифтерияның этиологиясы және патогенезінде маңызды роль экзотоксин атқаратындығын дәлелдеген. 1892 ж. Э.Беринг антитоксикалық сары су тапты және 1894 жылдан бастап оны дифтерия еміне қолдана бастады, қатерлі жағдайлар санын төмендетті. 1923 ж. Г.Рамон дифтерия анатоксинін бөліп алатын әдісті ұсынды.
Дифтерия қоздырғышы тудыратын аурулар
1. Жұтқыншақ дифтериясы
2. Мұрын дифтериясы
3. Көздің дифтериясы
4. Құлақтың дифтериясы
5. Қынап дифтериясы
6. Жара беткеіндегі дифтерия

Дифтерия қоздырғышы — коринеформды бактериялар сыртқы қоршаған ортада кең таралған, Corіnebacterіum туыстастығына жатады. Морфологиялық сипаттамасы — клетка шеттері бұршіктелген (грек сөзінен coryne — түйреуіш), тұрып қалған дақылдарда тармақтары болады, және цитоплазмада қосымша дәндері бар.
Corіnebacterіum туысы көптеген түрлерден құралған, оларды негізгі 3 топқа біріктірген:
1. Адамға және жануарларға патогенді коринебактериялар
2. Өсімдіктерге патогенді коринебактериялар
3. Патогенді емес коринебактериялар. Осылардың көптеген түрі тері, мұрынжұтқыншақ, көздің, тыныс алу жолдары, уретра мен жыныстық мүшелердің кілегей қабығында қалыпты микрофлора құрамына кіреді.
Морфологиясы. Corіnebacterіum dіphtherіae — тік немесе имектелген қозғалмайтын таяқшалар, ұзындығы 1.0-8.0 мкм және көлемі 0.3-0.8 мкм., спора, капсуласы жоқ, кей штаммдарында микрокапсула бар. Таяқша бір немесе екі шетінде бұршіктері бар, волютин дәндерінен тұрады, олар метилен көкпен бояғанда көгілдір-пурпур түс береді. Нейссер әдісімен бояғанда таяқша сары түсте, ал волютин дәндері — қоныр-қара түсте боялады. Коринебактериялар грам оңды таяқшалар, бірақ полиморфты — тұрып қалған дақылда және антибиотиктер әсерінен грам теріске ауысуы мүмкін. Бір дақылда әр түрлі көлемді таяқшалар рим әріптері V, X немесе түйіршек секілді орналасады. Ал патогенді емес коринебактериялар — дифтероидтар және жалған дифтериялық таяқшалар — бір-біріне жабысқан күйінде, волютин дәндері тек бір жағында орналасады немесе мүлдем болмайды.
Дақылдық қасиеттері. Дифтерия коринебактериясы аэроб немесе факультативті анаэроб, оптимальді өсу температурасы 35-370С, рН 7.6-8.0. Қоректі ортаға талғампаз емес, бірақ сары су немесе қан қосылған орталарда жақсы өседі. Селективті орталары Клауберг, Ру немесе Леффлердің ірітілген сары су орталары, колониялар 8-12 сағ. дөнес ақшыл-сүр немесе сары түсте. Беттері тегіс немесе сәл дәнді, шеттері сәл мөлдір ортасына қарағанда. Колониялар бір-бірімен тығыз өспейді, сондықтан дақыл түрі “шагрен терісіне” ұқсас. Сүйық орта лайланады немесе мөлдір болады, ал бетінде нәзік қабықша, біршама уақыт өткен соң қалындайды, ұсақталып түбіне түседі.
Дифтерия коринебактериялардың ерекшелігі теллурит калий қосылған қанды және сары су орталарында жақсы өседі, себебі қоринебактерий теллурит калийді қалпына — темірлі калийге ауыстырады, ал олар бактерийде жиналып қалып оларға қоныр сүр немесе қара түс береді. Осындай орта қолдану дифтерия бактерийлер бөлінуін жоғарлатады.
Тексерілетін материалды Бучин ортасына егуге болады (хинозольды орта). Осы ортада өскен дифтерия коринебактериялары индикаторды қалпына келтіргендіктен фиолет түске боялады. Дифтероидтар мен жалған дифтериялық таяқшалар түссіз немесе аспан-көгілдір колониялар түзеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *