Мазмұндама «Әкенің еркелігі»

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Әкенің еркелігі»
Күні: 16.02.12ж
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері туралы білімдерін бекіту.
Міндеттері:
1.сөйлем ішінде келетін тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыу.
2. Теориялық білімді практикада қолдана білуін арттыру. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
3. Сөйлем соңынан қойылатын тыныс белгілерін дұрыс пайдалана білу.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсінік беру, қиын сөздермен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын тексеру. Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Жазбаша жұмыс.
Оқушыларға бүгінгі күнді, мазмұндама тақырыбын жаздырту.
Мәтінді оқып шығу. Түсініксіз сөздерге тоқталып кету.
Мазмұндама «Әкенің еркелігі»
Ертеде бір бала әкесіне: «Сені кейін ер жеткен соң, аяғыңды жерге тигізбей, арқалап жүремін», — дейді екен. Бұл оның әке парызы туралы түсінігі болса керек.
Уақыт деген ұшқан құс, құйғытып шапқан тұлпар емес пе ? Жыл артынан жыл өтеді. Бала жігіт болады. Әкесі қартаяды да, бір күні қатты науқасқа шалдығады. Ұлы «пәлен жерде ғұлама емші бар» дегенді естиді. Әкесіне: «Баяғыда көп айта беруші едім ғой, сол сөзім- сөз, емшіге арқалап апарамын», — дейді. Әке өз қадірін түсінгенперзентіне тәнті болады. Әуе айналып жерге түскендей шілденің ыстық бір күнінде екеуі жолға шығады. Жігіттің арқасында- әкесі. Бірнеше күн өтеді. Айнала сағым, мұнар. Топырақ та, ауа да от. Аңфзақ. Шөл. Жігіт шаршайды.
Ұлының арқасында отырған әкесі бір күні көз ұшында қарайған әлденені көреді. Баласынан: — Балам, анау не, көзім жетпей тұр ?- дейді.
Қанша шаршаса да, жас емес пе, жігіт дереу алға көзін тігеді. Ол қарайған түйе екен.
-Түйе ғой, әке, түйе!- дейді ол ашу-ызасыз. Ішінен: «Әкем бала болып кетті ме сонша. Адам өзі діңкелеп келе жатқанда… Мазаны алмай тыныш отырмай ма ?»- деп күбірлейді.
Бұлар емшінің ауылына қарай жылжи береді. Аздан соң әкесі жаңағы сұрағын қайталайды.
— Анау не, балам ?
— Жанағы түйе ғой, әке . Түйе, түйе!
Дауысы шаршау шығады. Бұған не болған дегендей әкесіне алара қарайды. Әуелде қу- сүйек, жеп- жеңіл болып көрінген әкесі, енді зіл қара тас секілді. Жігіттің қол-аяғының буын-буыны кетіп шаршайды. Осылай титықтап келе жатқан кезде артық сөздің өзі-артық қамшы. Арқасы терден удай ашиды. Ашуланып аударып тастай салатын зат емес. Әке. Ал әкесі баласының бұл күйін білмей келе жатқан сияқты. Ат үстінде отырғандай жайбырақат көңілді. Не болса соны әңгіме етіп қояды.
Сүт пісірім уақыт өткен соң, жаңағы сұрағын үшінші рет қояды.
— Анау не, балам !
Жігіт қарайды да:
-Түйе ғой, түйе ! – деп ақырып жібереді.- Осымен үшінші рет сұрадың. Неге қажет сонша. Мен мынау өлейін деп…
— Балам, тоқта, түсейін арқаңнан, болды енді, — дейдіөкпелеп.
— Неге ? Отыра бер !
-Жоқ. Болмайды. Әкеңнің бір еркелігін көтермедің. Баяғыда сен арқамда отырып, аспандағы жалғыз айды: «О не ?» — деп жүз сұрасаң, ерінбей- жалықпай жүз рет жауап беруші ем. Жылқының түнгі күзетінен титықтап келгенде де, бетіңе жел боп тимейтінмін. Жасқаншақ болмасыншы дейтінмін. О, дүние- ай! Енді бұл аурудан айығам деген үмітім жоқ, тек сенің көңілің үшін шықтым. Бір еркелігімді көтермедің. Қой, осы жерден елге қайтам! – деді әкесі.
Бәрі көңілге байланысты ғой, мүмкін, еркелігін көтерсе, әкесі сырқатынан жазылып та кетер ме еді, кім білсін…
Сөздік: тәнті болу, көз ұшында, діңкелеу.

Мазмұндама жоспары:
1. Баланың серті.
2. Әкенің ауруға ұшырауы.
3. Әке парызын орындау.
4. Әкесін арқалаған жігіт.
5. Әкенің сұрағы.
6. Екінші, үшінші сұрақ
7. Әкенің сөзі.
Мәтінді тағы бір рет қайталап оқып шығу. Жоспар бойынша талқылау. Тыныс белгілеріне тоқталып кету.
Үйге тапсырма:
129 – жаттығу. Ережелерді қайталап келу.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *