АХСАН АТ-ТАҚАСИМ ФИ МАРИФАТ ӘЛ-АҚАЛИМ

АХСАН АТ-ТАҚАСИМ ФИ МАРИФАТ ӘЛ-АҚАЛИМ — (“Аймақтар жөнінде мағлұмат беретін таңдаулы тарау”) — Шамс әд-Дин Әбу Абдоллах Мухаммед әл-Мұқаддасидің тарихи-географиялық шығармасы. Шамамен 986 жылы жазылған. Классик. үлгіде жазылған бұл шығармада автордың тікелей өзі куә болған оқиғалар баяндалады. Еңбек 2 бөлімнен тұрады. Жалпы географиялық, өмірбаяндық мағлұматтар қамтылған кіріспеден соң 7 климатқа бөлінген Жер бетіне, 14 облыс-климатқа бөлінген исламелдері

не жалпылама сипаттама жасалады. Қалалар мен елді мекендердің топографиясы нақты көрсетіліп, ондағы халықтардың саны, этникалық құрамы, тілі, діні, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы жөнінде мәліметтер беріледі. Әр елдің экон. жағдайы кең түрде қарастырылады: ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы, пайдалы қазбалары, кенорындары, сауда қатынасы, салық жүйесі егжей-тегжейлі баяндалған. Оңтүстік Қазақстандағы халықтар, олардың тайпалық құрамы жөнінде құнды деректер келтірілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *