ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ

ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ
1 Отбасы тәрбиесі, отбасы түрлері. Отбасындағы педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың теориялық негізі


1 Отбасы тәрбиесі, отбасы түрлері. Отбасындағы педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың теориялық негізі.
Отбасы тәрбиесі — көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен отбасы мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал үрдісінің жалпы атамасы. Қоғам, отбасы және мектеп тәжірибесі ажырамас бірлікте орындалатын істер ауқымын қорғайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасы туралы алғашқы педагогикалық түсініктер мен идеялар халық педагогикасында пайда болған. К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, П.ФЛесгафт және басқалар балалар тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, бейімділіктерін, дене-күші және психологиялық дамуы деңгейін ескеру керектігіне ерекше көңіл бөлген. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын жасаған. Қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде баланың отбасындағы қарым-қатынас әректін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру мектеп пен отбасы арақатынасы т.б мәселелері қамтылған.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы — бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да да, дос-жарандары да, отбасы — бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасына тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбек тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: отбасы қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.
Жеке адамның қалыптасу үрдісі мен оның нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркенниетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық үрдістерді естен шығару, инабаттылық үрдістерінен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар — бәрі де отбасындағы бала тәрбиесінде болатын теріс ықпалдар көзі.
Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Жоғарыда әңгімеге арқау болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей қортынды жасауға болады:
— отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас ұлғаюымен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
— қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа-қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;
— отбасы тұлғаның әлеметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбек тәрбиесінің мүмкіндіктерін мейілінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді;
— салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;
— отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері — азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ отбасы иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;
— отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан.
Нарықтық экономикалық жүйеге байланысы отбасындағы тәрбие жетімсіздігін кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады:
1. Көптеген еңбеккер отбасылардың әлеуметтік жағдайларының әлсіздігі.
2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.
3. Отбасы анасы — әйел мойнына артылған екіталай жұмыс орнындайды, жанұядағы ауыртпалық.
4. Көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық себептердің салдарынан болып жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы.
5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең алуы.
6. Күннен-күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау-дамай.
7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен-күнге әлсіреуі.
Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның тәрбиелік ықпалын көтеру бағытында қазіргі заман педагогикасы қандай тиімді ұсыныстар беруі мүмкін. Бұл орайда педагогика қандай да тосын жаңалық ашып беруі мүмкін емес. Тәрбиенің қоғамдық-экономикалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына тәуелділігі объективті шындық. Отбасы тәрбиесі — қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы. Отбасының қызметі. (Презентация)
Отбасында балалардың тәрбие барысында табысты ықпал жасауда әсер ететін белгілер болады. Оларға төмендегілер жатады:
1. Отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық, толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіпшілік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.
3. Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн режімі, демалыс және оның нысаналары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысуы, отбасының дәстүрлік мерекелері т.б.
4. Отбасының ішкі қатынастары: отбасы микроклиматының сипаттамасы, отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, оның мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы, жауапкершілігі.
6. Отбасының тәрбиелік жағдайы: отбасы тәрбиесінде қолданылған әдістер ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі т.с.с.
Отбасылардың өздеріне тән ерекшеліктеріне орай топтасуы төмендегідей:
Құрылымы бойынша (мүшелер саны, жас деңгейлерІ): үш әулетті отбасылар — ата-аналар, балалар, немерелер; екі әулетті отбасы-ата-аналар және балалар; бір балалы, көп балалы отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ;
Әкімшіл (авторитарлы) отбасы — бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін тудырады.
Адамгершілікті қатынас (стилі) орнаған отбасы ата-аналардың бала тұлғасына болған сыйластық, құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін қабылдауымен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен еленеді.
Либералды стилдік қатынас орнаған отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді. Бұл баланы екіжүзділікке, менмендікке, тәртіпсіздікке душар етеді.
Қазіргі заман отбасы тәрбиесі гуманистік педагогика принциптеріне негізделеді. Ол прициптердің бастылары:
— креативтік (еркіндік) — бала қабілетінің кедергісіз өз бетінше дамуы;
— гуманизм — тұлға болмысын тану әрі оның беделін мойындап, ең жоғары құндылық ретінде бағалау;
— демократизм — ересектер мен балалар арасындағы рухани қатынастар теңдігін қалыптастыру;
— азаматтық — қоғам мен мемлекеттік жүйеде тұлғаның өзін «Мен» танып, қастерлей білуі;
— ретроспективтік — халықтық педагогика дәстүрлері негізінде жүргізілетін тәрбиеге арқа сүйеу;
Сонымен, отбасы тәрбиесі — қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы. Отбасының жоғарыда көрсетіліп отырған белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларға тәрбие барысында ерекше көңіл бөліп, ескеру қажетті. Болашақтағы еңбек, қоғамдық отбасылық өмірге бейім, дені сау, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау — отбасы міндетті.
Отбасының тәрбие өмір салтында оның барлық құрылымдық элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат міндеттері ортақ іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар. Отбасындағы тәрбиенің субъектілері ата, ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет педагогикалық тәсілдер әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз — іс-әрекет.
Ұйымдастырылған мақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет болмаса, тәрбие де болмайды. Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы ата ананың басшылығымен бақылаумен әр түрлі іс-әректке оқу, еңбек, ойын, эстетикалық, т.б. балаларды араластыруда.
Отбасының бос уақыттағы бірлескен іс-әрекетінің оқушы үшін маңызы өте зор. Отбасы мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсінісу, сезім әсерлері қатар жүреді. Ата-ана баланың арақатынасы отбасы өмірінің айқын көрінісі, оның микроклиматын қалыптастырады. Педагогикалық мәдениеті төмен отбасыларда бос уақыттың педагогикалық мәні болмайды, ол тек көңіл көтеру мақсатында ғана пайдаланылады.
Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген қатынасына әсер етеді. Отбасындағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрынғы отбасынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоцианалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.

Отбасы тәрбиесінің негіздері.
1. Отбасы тәрбиесіне сипаттама.
2. Жаңұя тәрбиесінің міндеттері мен ерекшеліктері.
Отбасы бұл адамдардың әлеуметтік-педагогикалық тәрбие тобы, әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру және өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Отбасы белгілі дәстүрлерден, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы.
Отбасылық тәрбие дегеніміз – ата-аналар мен туыстардың күшімен нақты отбасындағы қалыптасатын тәрбие мен білім берудің жүйесі.
Отбасының негізгі міндеттері:
— баланың өсіп, дамуына толық жағдайлар жасау;
— балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;
— өз халқының этно-мәдениетінің тәжрибесін ауыстыру;
— баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндік жасау.
Отбасылық тәрбиенің негізгі принциптері:
— өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейрімділік көрсету;
— балаларды отбасы өміріне еңгізу, ақылшы ретінде қарау;
— балалармен ашық және сенімділік қарым-қатынас жүргізу;
— талап қоюда жүйелік жасау;
— өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарға жауап беруге дайын болу.
Отбасы – адамзат қоғамның ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатан әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.
Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі – отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінетін болады.
Отбасында баланы еңбекке баулуда ата-аналар мына төмендегі жайларды ескеруі тиіс:
— еңбек әрекетінің негізгі мазмұнын айқындап алу;
— еңбектің қай түрімен айналасатынын алдын ала жоспарлау;
— еңбек етуге құрал-жабдықтарды дайындап, жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызу;
— шұғылданатын еңбек түріне сәйкес бағыт-бағдар беру, көмектесу, басшылық жасау;
— еңбек түрлеріне байланысты әдістемелік әдебиеттермен танысу;
— еңбек әрекетінің әдіс-тәсілдерін меңгеру, балаларға үйретудің тиімді жолдарын қарастыру;
— еңбек етуге баланың ынта-ықыласын, қызығушылығын үнемі арттырып отыру;
— баланың еңбек нәтижесіне назар аударып, мадақтап оны сыйға тартуға немесе пайдаға жаратуға бағыт беру;
— еңбектің бала жасына лайықты болуын, шектен тыс күш түсірмеуін қадағалау;
— күнделікті тұрмыспен, салт-дәстүрмен сабақтастыра отырып баланы еңбекке тәрбиелеу.
Қазіргі тәрбие негізінде халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл-мұрасы, үмітпен қанаттандыратын сарқылмас қазынасы – ұлттық тәрбие жарық жұлдыздай жарқырайды. Ұлттық тәрбиеде халық өзінің болашағына арнаған, асыл жүректе сақтаған тәрбиенің даналық шұмақтары, әрбір халықтың өзіне тән эталондық адамгершілік қасиеттері жатыр. Халықтық тәрбие — әрбір баланың жүрегінің кілтін тауып тәрбиелеу, жылы сөзбен түсіндіру, үлгі көрсету, жамандықтан тиым салу, иландыру, кейде қорқыту.
Қорыта келгенде тәрбие отбасынан бастау алады. Халық тіршілігінде өзінің өміршеңдігін танытқан тәлім тәрбие қағидалары нәрестеге ана сүтінен дариды. Халықтық ұлттық педагогиканың негізгі мақсаты – болашақ ұрпақты адамгершілігі мол, инабатты, мейрімді, ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген, өз ұлтын, халқын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *