АХМЕТ ХАН, Қожа Махмуд хан, Махмуд хан

АХМЕТ ХАН, Қожа Махмуд хан, Махмуд хан — 16 ғасырдың 30-жылдарының 2-жартысында Қазақ хандығының батыс бөлігін билеген хан. Жәнібек ханның немересі, бірақ оның қай ұлынан екені белгісіз. 1535 жылы Ахмет хан 15 ұлымен бірге Ноғай мырзасы Сейдақ бидің қолында болған. Қадырғали Жалайри А. х. туралы: “Қазақияда Ахмад хан деп атайды. Ол дағы біраз уақыт хан болды. Шидақ бекпен болған ұрыста шаһит болды. Орақ мырза шаһит қылды”, — деп жазады. А.П.Чулошников Ахмет ханды 1538 жылы Тоғым ханнан кейін хан болған, ноғайлармен болған бір ұрыста Орақ мырзадан жеңіліп, өлтірілген деген пікір айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *