Арнайы мектеп интернаттарындағы жеткіншектермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру

Арнайы мектеп интернаттарындағы жеткіншектермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру
А.Қ. Уканова
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»
мамандығының 1 курс магистранты
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., профессор м.а. Н.С. Әлқожаева

Аннотация. Мақалада арнайы мектеп интернаттарындағы жеткіншектермен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшелігіне сипаттама беріледі және «тәрбие», «арнайы мектептегі тәрбие жұмыс» ұғымдарының мәні ашылып, әдебиеттерде зерделену жайы қарастырылады.
Кілтті сөздер: «тәрбие», «арнайы мектеп-интернаты», «әлеуметтік педагог».

Қазіргі таңда арнайы мектеп – интернаттарындағы тәрбие мәселесі қоғам дамуындағы терең әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге, сонымен қатар, білім берудегі дәстүрлі, авторитарлы, тұлғаға бағдарлық бағытқа ауысуы нәтижесінде білім беру саласы мен тәрбие беру үрдістерінде, оның мақсаттары мен әдістерінде терең өзгерістер орын алуда. Арнайы мектеп – интернаттарында тәрбиеленетін жеткіншектер толыққанды дамып жатқан құрдастарымен салыстырғанда әлдеқайда мүмкіншіліктері төмен. Олардың өздеріне берілген ақпараттарды өз бетінше қабылдап, есте сақтап, шешім қабылдаулары қиынырақ болып келеді. Танымдақ белсенділіктері мен қоршаған ортаға деген қызығушылықтары тар. Арнайы мектеп – интернаттарында тәрбиеленетін оқушылардың жалпы мәселелері олардың эмоциялық күйлерінде – тұлғалық дамуы мен сыртқы ортаның әсіресе, негативті әсерлерге душар болуы. Осы аталған мәселелердің шешу жолын тауып, балалардың толыққанды өмір сүрулерін жеңілдету, тәрбие жұмысының дұрыс жүзеге асырылуын ұйымдастыру өте маңызды мәселе болып табылады.
Жеткіншектерді көше кезуден, оларға пайдалы әдеттер мен әлеуметтік – нормативті моделдерді құруға мектеп міндетті. Қазіргі кезде дамуында ауытқулары бар жеткіншектерге педагогикалық – психологиялық жұмыс, тәрбие жұмыстарын жүргізу өзінің даму сатысында. Тәрбие мен оқыту процестерінің ізгілендіру мен жекелендіру міндеттері әрбір баланың толыққанды дамуы, жеке тұлғалық қалыптасуы үшін оптималды жағдайды жасауды, арнайы мектеп – интернаттарында тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің кемістіктерін дер кезінде анықтап, потенциалды мүмкіндіктерін бағалап, оларды жүзеге асыруға жағдай жасалуын қажет етеді. Арнайы білім беру мектептерінде тәрбие үрдісінің өзіндік ерекшеліктері көрініс табады. Жеткіншектерді коррекциялық педагогика мен арнайы оқыту технологиялары бойынша оқыту, болашақта өз бетінше өмір сүруге бейімдеу мақсатында арнайы білім беру жүйесінің дәстүрлі педагогика мен тәрбие жұмыс жүргізу салаларын қоса алып жүреді. Арнайы білім беру мекемелерінің негізгі міндеті – әрбір баланың өздігінен ешкімге тәуелді болмай, өз тұрмысын, мүмкіндігін өзі реттей ұйымдастыра алатындай әлеуметтік – тұрмыстық құзіреттілікті қалыптастыру. Дамуында ерекшеліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барлық үдерісі олардың қоғамда әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жалпы арнайы мектепте білім алатын балалардың психикалық дамуы туралы Л.С. Выготскийдің фундаменталды заңдылықтары; Д.Б. Элькониннің психикалық дамуыды кезеңдерге бөлу теориясы [1]; Б.Г. Ананьевтің адамды кешенді зерттеу теориясы; П.Я. Гальпериннің ақыл-ой іс – әрекетін жүйелі ұйымдастыру теориясы; сонымен қатар баланы еркін тәрбиелеу идеясын ойлап тапқан ғалым — М. Монтессори; Джон Дьюи және Элиот Эйснер рефлексивті ойлаудың білім құндылығын және мұғалімдер сыншылдығының маңызын зерттеген; осы ғалымдардың тізіміне А. Бине, Т. Симон, Е.И. Грачева, Х.С. Замский, А.Р. Малер және т.б. балалардың қоғамда бейімделуі мен дамуы жайлы теориялық мәселесін қарастырған. Сонымен қатар, Т.В. Розанова, О.В. Бокеенова, Е.И. Морозова, Л. А. Киреева психологиялық кеңес беру бойынша еңбектері [2]. Арнайы мектепте тәрбиеленетін жеткіншектердің тәрбие мәселесін қарастырған қазақстандық зерттеуші В.А. Парфенова, психологиялық – педагогикалық түзету арқылы аномалды балалардың тұлғалық дамуын зерттеген – Р.Б. Каримова, Ж.И. Намазбаева, Л.О. Сарсенбаева т.б.
Дамуында ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеу мәселесі 19 ғасырдан бастап әлеуметтік педагогтар зерттеп, қазіргі күнге дейін зерттеу бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі заманғы тәрбие жұмыс технологиясы балалардың психологиясын білуге сүйенеді, олардың ерекшліктеріне, жынысы мен жасына, олардың тұрмысы мен тынысына қарап, ғылыми тұрғыдан коррекциялық дамуына және қоғам ішінде интеграциялануына көңіл бөледі.
Осы саланы зерттеген, көптеген өз еңбектерін арнаған, сонымен қатар өз өмірлерін арнаған ұлы педагогтар К.Д.Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, В.И. Флери, Ф.А. Рау, Н.А. Рау, Ф.Ф. Рау, Н.М. Лаговский, С.А. Зыков, К.Г. Коровин, А.Г. Басова және т.б. Көптеген педагог-новаторлар, болашққа көз жүгірте алатын, ұшқыр сезімдері мен жаңашылдыққы деген айрықша сезімтал келетін ғалымдар алдағы өмірге дайын болатын тұлғаларды дайындайды.
Тәрбие жұмысының технологиясы жеткілікті дәрежеде қиын тақырып болып табылады. Өз заманында Б.Т. Лихачев: «Тәрбие жүйесі – бұл өзіндік бір көзқарастардың «технологиясы». Ұстанымдар, әдеттер, дүниетаным мен жалпы тұлғалық қадыптасуына әсер ететін, ересектердің көзқарастарынан тыс жасырын түрде болатын қалыптасатын процесс» [3]. Бірақ тәрбие жүйесінің технологиясы деген сауалдың дұрыстығы алі нақты емес. Себебі, технология термині көбнесе оқу процессіне байланысты. Осыдан тәрбие процессін қаншалықты технологияндыруға болады деген сауал туындайды. Педагогика саласында технология жайлы тақырыптардың қаншалықты актуалы екенін түсіне отырып, Г.И.Саранцев ерекше атап өткен мәселе ол: «Тәрбие процессін технологияландыру бұл қиын жұмыс. Бұл жүйеде ең алдымен маңазды рөлді мұғалімнің тұлғалық қасиеттері ойнайды. Себебі, тәрбие алып отырған оқушылар, мұғалім бойындағы табиғи қасиеттерді еріксіз өз бойына сіңіріп алады. Бұған мектеп өмірінен алынған көптеген мысалдар дәлел бола алады. Көптеген оқушылардың тұлғалық дамуында педагогтың ойы мен көзқарастары мен ұстанымдары әсер етеді [4].
Қазіргі уақытта оқушыларды өмір мен жаңа әлеуметтік- экономикалық қызметтегі жағдайға дайындау – актуалды проблема болып табылады. Дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы оқыту жүйесінде мақсаттар мен міндеттерге өзгертулер енгізу қажеттілігі туындады. Қазіргі білім беру жүйесінің өмір сүруі мен дамуының негізгі принципі – оның үздіксіздігінде. Ол үшін білім беру процесінде оқушының рөлін өзгерту керек. Педагогикалық процесті ұйымдастыруға жаңаша қарап, сол жаңаны өмірге енгізу қажеттілігі туындап отыр. Оқу және білім беру қызметін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру қазіргі таңда жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылып жатыр.
Балаларға жетілдіретін функцианы орындайтын сатылы жаттығуарды қамтамассыз ететін түзете- жетілдіру моделі менің іске асыратын оқу процесінде маңызды орын алады. Түзете — жетілдіре оқытудың арқасында зиятында ауытқуы бар балаларда физикалық және ақыл ойының дамуында түзетулер мен өзгерістер байқалады.
Дамуында кемістігі бар балалармен жұмыс жасағанда балалардың оқытуы мен тәрбиесіндегі жағымды динамикаға қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше педагогикалық түзете- жетілдіру технологиясы қолданылады. Дәстүрлі және жаңа технологиялардың тамаша үйлесімділігі оқушылардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін, оқу- тәрбие бағдарламасына қызығушылығын жетілдіруін қамтамассыз етеді.
Дәстүрлі технологиялық оқытулар түзету жұмысының негізі болып табылады. Ол оқушы мен мұғалімнің тұрақты эмоционалдық қатынасынан құралған. Дәстүрлі оқыту оқушының қиялын жетлдіре отырып, олардың өмірлік және сезімдік тәжербиелермен байланысты көп мөлшердегі ассоцацияларын туғызады, оқушылардың сөйлеу тілінің шығуына әсер етеді.
Біздің ойымызша, дәстүрлі технологияны жаңартудың бір жолы, оларға дамыта оқытудың элементтері мен ақпараттық және дамыту, оқыту формаларының енгізілуі.
Түсініктемелі- иллюстративті технологияларды сыныптық — оқыту жүйе мен сыныптан тыс жұмыстарда қолданамыз. Оларды қолдану нәтежиесінде уақытты үнемдеу, оқытушы мен оқушының күшінің сақталуы мен қиын білімдерді жеңіл игеруге мүмкіндіктің туындауы болып табылады.
Ойын технологиялары- жетілдіру ойын технологияларының бірігуі, оқушылардың жеке тұлғасының құрастырылуы ақылды ұйымдардың ойын технологияларын жан жақты қаралуымен қамтамассыз етіледі. Психофизикалық мүмкіншіліктерін ескере отырып, әр балаға қол жетімді жалпы жетілдіру және жеке жетілдіру арнайы ойын бағдарламалары іске асырылады. Шет елдік педагогикада ойын қызметінің проблемаларын К. Д. Ушинский, П. П. Блонский, С. Л. Рубинштейн мен Д. Б. Эльконин өңдеп, құрастырды.
Жеке бағдарланған технологиялар оқушылардың жеке ерекшеліктері, мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып мектеп- интернаттарда оқу- тәрбие жұмысына бағытталған. Осы технологияларды қолдану арқылы оқушылардың бейімдерін, әлеуметтік- белсенді жақтарын құрастыруға, түсінісу сезімін, бірігіп жұмыс істеу, өз таңдауына жауапкершіліктерін қарауға мүмкіндік береді.
Жаңа технологиялар. Жаңа заман талабымен жүру үшін дамуында кемістігі бар баларға компьтерлік сауаттылығын арттыру керек. Мектеп қабырғасында дамуында кемістігі бар балаларға арналған «Компьтерлік сауаттылықтың негіздері» деген қосымша сабақтар бағдарламасы құрастырылған. Бұл сабақтарда оқушылардың қосымша сабақтардан алған білімдерін қолданысқа түсіруге тырысу: жоғарғы сынып оқушыларын интернет қорын пайдаланып іс- шаралар мен сабақ барысын дайындауға шақыру керек. Сабақ барысын қызықты әрі қол жетімді жасайтын компьтерлік бағдарламаларды көп қолдану қажеттілігі туындап отыр.
Оқу- тәрбие процессінде:
— Компьюерлік ойындар педагогтың индивидуалды білім алуын іске асыруы;
— Сабақтан тыс шараларда мультимедиалық презентацияларды қолдану;
— Тесттер;
— Аудиовизуалды технологилар;
— Компьтерлік жаттығуларды қолдану.
Компьютерлік технологиялардың артықшылықтары болып: оқу процесстерін жекешелендіру, оқушылардың жеке жұмыс жасауын іске асыру, өзін-өзі басқаруын дамыту, әсіресе танымдық қастиеттердің дамуына үлкен үлесін қосады.
Оқыту, түзете-тәрбиелеу сабақтарында арттерапия технологиясын кеңінен қолдануға тырысу қажет. Зиятында кемістігі бар балаларға түзете дамыту жұмысында артпедагогикалық технологияларын қолданудың тиімді әсер етуін бірқатар М.С.Вальдес-Одриосолдың, Л.Д.Лебедеваның, А.Медведеваның және т.б. сияқты педагогтармен дәлелдеген. Сонымен қатар музыкатерапия, фототерапия, ойын терапиясы, изотерапия, ертегі терапиясы, оригамитерапия және т.б. сияқты терапиялар оқушыларға өмірдің әртүрлі жағдайларының әсер етуіне байланысты, бұл технологиялар көркем- шығармашылық көмек көрсетулердің әсерінен, психосоматикалық, психоэмоционалды процесстердің және жеке тұлғалық ауытқулардың түзелуіне әсер етеді.
Дифференция технологиясы – дамуында әр түрлі ауытқуы мен ерекшеліктері бар оқушыларға арнайы ортаның құрылуына, оларға тиімді топтардың құрылуы арқылы оқыту — тәрбиелеу процессі.
Аталған технолгияны қолданудың артықшылықтары:
• Мықты топ оқушыларының оқуға деген ынталары ашылады;
• Оқушыларға топ ішіндегі балалардың деңгейі бірдей жағдайда оқу – тәрбиелеу жұмысы жеңіл жүгізіледі;
• Топта әлсіз оқушыларға да жақсы жағдайлар жасалады;
• Қиын оқушылармен жұмыс жасау мүмкіншідігі туындайды;
• Сынып ішінде ілесе алмайтын оқушылар саны азайып, ортақ үлгерім деңгейі жоғары болуына әсер етеді;
• Оқушының Мен – концепциясының деңгейі көтеріледі;
Жеке тұрғыдан келу технологиясы – бұл мұғалімнің топпен жұмыс жасағанда оқу – тәрбие процессінде, әр балаға өзіндік ерешкеліктерін ескере отырып, жеке тұлғамен жұмыс жасау принціпі. Жеке тұрғыдан келу барлық технологияларды қолдануда азды көпті дәрежеде жүзеге асырылады.
Әрбір мұғалім, қандай оқушылармен жұмыс жасамысын, қандай пәнен сабақ бермесі, ең алдымен ол тәрбиеші болуы тиіс. Тәрбие жұмысының әдіс – тәсілдерін жетік меңгеру – әлеуметтік педагогтың ең маңызды тапсырмасы. Әлеуметтік педагогтың болашақ профессионалды қызметінде тек сабақ беру ғана емес, сонымен қатар қоғамдық маңызы бар іс-шараларды өткізуі, еңбекке тәрбиелеуі, әр түрлі шығармашылық қабілеттерін дамытуы, қосымша білім алу жүйесіне қызығушылықтарын қалыптастыруы керек. Қандай нақты бір салада жұмыс жасада әлеуметтік педагог жақсы психолог-ұйымдастырушы, балалардың ерекшеліктерін білетін инновациялық, әлеуметтік-социалды бағдарланған, коррекциялы-дамытушы тәрбие технологияларын жетік меңгеру тиіс.
Қазіргі таңда Қазақстан мектептері бірнеше технологиялармен жұмыс істеп келеді. Соның ішінде В.М. Монаховтың жобалап оқыту технологиясы тәжірибе алаңына айналып отыр. Жалпы В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы орталығы 2003 жыдың қараша айынан Тольятти қаласында өз жұмысын бастаған. 2005 жылдың желтоқсан айынан Қазақстан аймақтарында да қолданыла бастады. Ал 2006 жылдың тамызынан Қызылорда мектептерінде В.М.Монахов технологиясы бойынша жұмыс жүргізіле бастады. Мектептердегі жұмыстар лекция, семинар, жеке және топтық кеңестер түрінде өткізіді.
Жобалап оқыту технологиясы педагогтың интеллектуалдық, кәсіби, моральдық, рухани, азаматтық және басқа да сапалық қасиеттерін қалыптастыра отырып, мұғалімнің жеке тұлғасына тікелей әсер етеді. Жобалап оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасына көзқарасты өзгертеді. Ол оқушыны оқу үдерісін ұстазбен бірге тең дәрежеде жүзеге асырушы ретінде қарастырады, оның жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп отырады. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы психологиясын қайта құру, қайта қарау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бірінші кезекте оқушыға субъект ретінде қарау керек. Оқытудың мазмұны мен түрі толыға түседі, яғни әдістемелік жүйе адамгершілік тұрғыдан байи түседі.
Жобалап оқыту технологиясының қолжетімділігімен, қабылдау шапшаңдығын арттыруымен, барлық мұғалімнің қолдануына тиімді екендігімен ерекшеленетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Одан басқа, технология кез-келген сыныпта, кез-келген пән бойынша қолданыла береді, оның жан-жақтылығы осында.
«Педагогикалық технология» – барлық жағынан ойластырылған, жобалау, ұйымдастыру және оқу процесін жүзеге асыру барысында оқушы мен мұғалім үшін барлық жағдайды жасауды көздейтін педагогикалық қызметтің моделі. Технологияны дұрыс жүзеге асыру үшін ең алдымен төмендегі әдістемелік принциптерді сақтау қажет:
• мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне сену керек;
• оқу үдерісінің кез-келген кезеңінде оқушылардың білім-білік, дағдыларына кепілдік беру;
• оқу үдерісін тақырып жағынан жобалау;
• баланың дұрыс дамуы;
• кертартпа іс -әрекеттер мен шектеулерді жоя отырып, дәстүрлі мектеп қорын дұрыс пайдалана білу
• оқу үдерісінде оқушы мен мұғалімнің бірлескен жұмысын дамыту;
• мұғалімнің өзін жайлы сезінуі және оқушының өзін жайлы сезінуі;
• оқыту технологиясын жобалауда мазмұны мен жүйелілігінің бірлігінің болуы;
• әрбір оқушының жалпы білім беру стандартының базалық деңгейін міндетті түрде меңгеруі;
Педагогикалық технологияларда басты назар оқушының дамуына аударылады.
«Педагогикалық технология» – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартып отыратын және соңғы нәтижеге кепілдік беретін технологиялық іс-әрекеттер жиынтығы.
Кейде жеке тәрбие технологияларының құрылуына байланысты күмәндар туындайды. Күмәнданудың себебі де орынды, себебі, жеке тұлғаның диагностикалық маңызы бар қасиеттерінің мен жартылай не болмаса толықтай болмауы, эстетикалық, адамгершіліктік және еңбек технологияларын қолдана алу мүмкіндігі туындайды ма жоқ па деген сауал қойылады.
Тәрбиелік жұмыстың технологиясы — ол нақты шартта тәрбиелеу жұмысының ортақ мақсатының орындалуын қамтамассыз ететін әдіс, тәсіл, нысандардың жиынтығы. Педагогикалық қатынасытың процессінде жеке мақсаттар мен тәрбиелеу міндетінің шешілу тәсілдердің кешнін білдіретін «Тәрбиелік жұмыстың технологиясы» түсінігінен «тәрбиелік жұмыстың техникасы» ұғымын айыра білу қажет. Тәрбиелеу жұмысының технологиясы тәрбиелеу әдістемесімен байланысты, және де осы байланысқа әртүрлі көзқарастардың болуы ықтимал. Мысалы, тәрбиелеу жұмысының технологиясы әдебиетте жетілдірілген және аса тиімді тәрбиелеу әдістемесі ретінде, немесе дәстүрлі әдістеменің альтернативасы ретінде немесе қазіргі тәрбиелеу методикасының даму деңгейі ретінде, немесе лайықты әдістемелердің аспапты бөлігі немесе сабақтан тыс уақытқа тәрбиелiк қызметтiң дербес әдiстемесi қаралуы мүмкін [6].
Технологияның кезеңдері:
• Оқытудық мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
• Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
• Диагностика негізінде оқытудық жаңа мақсатын қою. Технологияда одушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі.
Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырылады, жаңа мақсат қойылады.
Сонымен, мақсат анық болмаса оқу процесінің жетілдірілуіне кедергі жасалады. Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
• Қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
• Нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т.б.)
• Қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
Отандық мектептердің дамуы жайлы теориялық және пратикалық зерттеулердің көрсетуі бойынша, тәрбие жұмыс жүйесінің мазмұны мен әдістерінің толығымен пайдалынбағанын, әр мектеп өз жолдарын іздеп жатқанын көрсетеді. Әлеуметтік педагогика тәрбие технологияларының іске асырылу шарттарын анықтауға, тәрбие жұмысының ең күрделі мәселесі адамның мәдениетті дамуына үлес қосуға, педагогтардың бұл мәселені шешуге көмектесуі тиіс. Қазіргі таңда арнайы түзету мектептерінің басты мақсаты дамуында кемістігі бар балалардың жас ерекшелігіне байланысты олардың адамгершілік қасиеттерінің, ақыл ой дамуының, гуманистік қатынастарының, шығармашылық әрекеттерінің дамуына әсер ететін орта туғызу болып табылады. Өсіп келе жатқан тұлғаның дамуы барысында оның азаматтық ұстанымы, өмірге бейімділігі, еңбек пен әлеуметтік шығармашылығы, өзін өзі басқару демократиясына және де отан алдындағы жауаптылығы ең маңызды мақсат етіп қойылу тиіс. Тәрбиенiң негiзгi ұстанымы – ең бiрiншi көркемдiкке, сұлулыққа, онан кейiн ақыл-ойды дамытуды алға қоюды көздейдi. Тәрбиеленушiлердi көркемдiк, шығармашылық iс-әрекетке тәрбиелеу басты ұстаным болғанымен, оны ақыл-оймен, ерiк сапасын дамытатын басты құрал ретiнде қарастырып, өзгермелi әлеуметтiк ортада өз мүмкiндiгiне сәйкес қатынас құра бiлуге тәрбиелеу iске асырылады. Педагогикалық технологиясының тәрбие жұмысының әдістер жүйесі баланы сезімталдыққа, жан ашуға, түсінуге, өзінің ұстанымын бағалауға итермелейді. Аталған тәрбие жүйесіндігі педагогикалық технологиялар өзара үйлесімділікпен, ата – ана мен мектеп, мұғалім арасындағы ынтымақтастықпен байланысуы керек.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Выготский, Л. С. Собрание сочинений : в 6 т. — М. : Педагогика, 1983. – Т. 5 : Проблемы умственной отсталости. – 500 б.
2. Киреева, Л. А. Психолого-педагогическая помощь семье / Л. А. Киреева. — Л. : Знание, 1986. – 120 б.
3. Харламов И.Ф. Нравственное воспитание школьников. Пособие для классных руководителей. М., 1983.
4. Шамова Т.И. Воспитательная система школы: сущность, содержание, управление. Учеб. пособие для системы дополнительного профессионального педагогического образования. М., 2003.
5. Беляева, М. А. Социально-педагогическая работа с семьей ребенка-инвалида : учебное пособие. / М. А. Беляева, И. Е. Кузнецов. – Екатеринбург : АМБ, 2001. – 300 б.

Организация воспитательной работы с подростками в спец- школах- интернатах

В данной статье рассматривается различия воспитательной работы в специальной школе и понятие » воспитание» , «воспитательные работы в спец школах», по теме статьи исследовались педагогические литературы и обсуждались труды разных ученых.
Ключевые слова: «воспитание», «специальная школа интернат», «социальная педагогика».

Organization of educational work with adolescents in boarding schools spets

This article discusses the differences of educational work in a special school and the concept of «education», «educational work in special schools» Related article examined pedagogical literature and discussed the works of various scientists.
Tags: «education», «special boarding school», «social pedagogy».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *