Дикция. Педагогтың дикциясына қойылатын талаптар

27Дикция. Педагогтың дикциясына қойылатын талаптар. Дикцияны жетілдірудегі орындалатын жаттығулар.
Дикция дегеніміз әр сөзді дрыс айту. Дикция екінші сәбилер тобынан басталады.
Тәрбиеші-педагог өз сөзін анық, айқын айтуға тиіс. Оның сөзі – балаларға үлгі, сәбилер тәрбиеші – педагогтарға еліктейді, кейде қате айтқан сөзін де ұғып алады. Сондықтан тәрбиеші-педагог өз сөзіне мұқият болып, өте тез асығып сөйлеу сияқты кемшіліктерді жібермей байқап отыруды дағдыға айналдыру керек.
Анық, таза сөйлеу дәрежесіне үнемі артикуляциясын жаттықтыру арқасында жетуге болады, яғни сөйлеу мүшелерінің қажетті дыбыстарды айтуға ыңғайлап, бір қалыпты қозғалуы мен позициясы жағдайында ұстау. Бұл жаттығулар еріннің қимылына, жақтың жылдам ашылуына, тілдің жылжымалылығына, кей дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландырады; тез сөйлегенде, созып сөйлегенде т.б. кездесетін кемшіліктердің болмауына көмектеседі.
Дыбыстардың сөйлеудегі артикуляциясын қазақ тілі сабағында фонетиканы өткенде жетілдіреді. Фонетиканы жақсы білу дикцияны түзеуге берілген жаттығуға көмектеседі.
Дұрыс дыбыстауға жүргізілетін жаттығулар алғашында мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі де, кейін оқушылар өздері әбден дағдыланып, сөйлеуде жіберілетін қатені де тауып түзейтіндей жағдайға жеткенде, өз беттерінше шұғылданады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *