АХМЕТ РИЗА МЕДРЕСЕСІ

АХМЕТ РИЗА МЕДРЕСЕСІ – 19 ғ-да Семей қ-нда діни философия мен ескі шығыс әдебиетінде жетік ғұлама Ахмет Риза ұйымдастырған діни оқу орны. Негізінен, діни сабақтар оқытылды. Абай Құнанбаев 3 жыл осы медреседе білім алған. Оның Семейдегі кітапханамен, музеймен, алдыңғы қатарлы адамдармен танысуына, өз бетімен орысша үйренуіне медресенің ықпалы мол болды. А.Р.м. шәкірттеріне шығыс әдебиеті мен мәдениетін насихаттап, өз кезіндегі басқа діни оқу орындарынан аз да болса артықшылығын көрсетті. Көп ұзамай жабылып қалды. Қалпына келтірілген медресе ғимараты Семейдегі Абай мұражайының кешеніне енгізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *