
Демалудың түрлері. Мәнерлеп оқу кезінде дұрыс демалудың ережесі.
Дем алудың түрлері; тыныс алу,(ауаны ішке жұту,сыртқа шығару,)дауыс, жатады.Мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін,тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру,сөйлеу техникасын жақсы біліп, игеру міндеті қойылады.Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде,дыбыстардың шығу,жасалу орнына айрықша көңіл бөлінеді.Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады.Тексті мәнерлеп оқушы,әңгімелуші сөйлеу техникасына ұдайы,үздіксіз жаттығып,дағдылануы тиіс.Сонда ғана дикциясын жетілдіреді,сөйлегенде дұрыс тыныс алуға әбден машықтанады,әдеби тілдің дұрыс дыбысталуына төселеді.Сөйлеу аппаратының мүкіссіз болуы мәнерлеп оқу мен оның техникалық жағының дұрыс ұйымдастырылуының негізгі шарты болмақшы.
Дауыс.Сөз сөйлеуге дауыс қатысады. Дауыстың естілуі-психо-физиологиялық әрекеттің нәтижесі. Оны әрбір сөйлеушінің даралық қасиеті,эмоциясы,еркі бағыттап отырады. Сөздің естілуі тыныс алумен тығыз байлынысты.Адам сөйлеуге ыңғайланғанда,ең алдымен ауа жұтады,одан кейін барып біртіндеп ауаны сыртқа шығарады. Дауыс шымылдығының керіліп,жиырылуының нәтижесінде дауыс пайда болады,бірақ ол солғын шығады.Әркімнің өз даусы(дауыс нақышы)болады.Осыған қарап сөйлеп тұрған адамды көрмей-ақ даусынан тануға болады. Негізгі дауыспен бірге бірнеше қосымша дауыс тоны-(сарыны)-обертондар да болады. Ол сөйлеушінің тамақ ,мұрын қуысының құрылысына байланысты шықпақ. Осындай обертондар арқылы адамның жеке-дара даусы жасалмақ, үні таза шығады.Дауыста оның биіктігі (дыбыстау ырғағы)ұзақтығы ұшқырлығы екінші сөзбен айтқанда, дауыстың алысқа шырқалу бейімділігі,басқа дыбыстардың ішінен айрықша ерекшеленуі айқындалады. Егер айналадағылардың сөзі мен өз сөзіңізді тыңдап бақыласаңыз, дауыс дыбыстың әр түрлі биіктігі мен жылысатынын байқайсыз. Өстіп негізгі дауыс тоны (сарыны) бір көтеріліп,бір бәсеңдеп ауытқиды да,орташа қалыпқа (регистрге) түседі,тағы осылайша қайталанады…Бірақ бұл қалай болса солай емес,белгілі заңдылықпен жылыса отырып, сөйлеу мелодикасын (әуенін) түзеді. Дауыстың жоғары, орташа, төмен ырғақты жеңіл жылыса алуын дауыс икемділігі дейді. Көркем сөз орындаушы, нақышына келтіріп әңгімелеп беруші үнін жетілдіре отырып,өз даусының мүмкіншілігін байқап, диапазонын анықтап, ширақ шығуын жаттықтыруы керек.Тексті оқу немесе әңгімелеп беру кезінде дауысқа күш түспеген жөн, сонда ғана оның жұмсақ, жылы лебі немесе керісінше, қатал, салқын үні нақышталады.
Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс.