
Мектепке дейінгі тәрбиедегі мәнерлеп оқудың ерекшелігі.
Мәнерлеп оқудың негізгі мазмұны, ерекшелігі мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту әдістемелік құралының «Қатынас» білім беру саласында анықталады. «Қатынас» білім беру саласының мақсаты – үйретілетін тілдердің ауызша және ауызша емес құралдармен қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.Соның ішінде ойын әдістемесі балаларды да, педагогтерді де қызықтырады. Ол қарапайымдылығымен тиімді. Оқытушы тілді үйрету және жетілдіру бойынша сабақты ойын түрінде жүргізеді. Әдістеменің құндылығы – ол бір жастан бастап бейімді, әдістеменің көмегімен ауызекі тілді, дұрыс айтылуды, орфографияны, грамматиканы және т.б. дамытады.
Әңгімелесушілердің назарын өздеріне аударудағы мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың талпынысы өзінің тілін мәнерлі, бейнелі етудегі әрекеттерінен байқалады. Бұл жаста балалар тілдің дауыс ырғағының құралдарымен қолданумен ғана емес, сонымен қатар, тілге тән эпитет, теңеу, метафора секілді мәнерлілік құралдарын меңгеруге қабілетті болады. Балалардың тілінде елеулі дербес ерекшеліктер білінеді.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілін дамытудағы басты бағыттар:
— байланыстырып сөйлеу және мазмұндылығы (диалог және монолог);
— тілдің шығармашылығы мен мәнерлілігін дамыту;
— сөйлеу әрекеттеріндегі жеке қабілеттерін дамыту.