АХМЕТОВА КҮЛӘШ ДІЛДӘҚЫЗЫ

АХМЕТОВА КҮЛӘШ ДІЛДӘҚЫЗЫ (1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстан Талас ауданы Киров ауылында туған) — ақын.Жамбыл мед.уч-щесін, Қазақ мемл. Ун-тін бітірген (1973). «Қазақстан пионері» газетінде, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, редактор болып қызмпет етті. Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. Ақ гүлім менің. «Жазушы», 1975, Сен менің бақытымсың. «Жалын» 1977,Жапырақ – жаздың жүрегі. «Жалын», (1979),Мейірім, «Жалын» (1981), Бұлақтағы жұлдыздар, «Жазушы», (1982), Жасыл жағалау, «Жалын», (1984) Возвращение аистов. (орыс тілінде), «Жазушы», (1985), Арғымақтар даласы «Жалын» (1987), Сен жанымда жүрсең. «Жазушы» (1987),Наурыз нұры «Жазушы» (1991),Күн шыққанда күліп оян «Ана тілі» (1996), Бақ «Атамұра» (2006),Құт «Дәуір» (2006), Махаббат «Дәуір» (2007), Жайна Қазақстан «Салық тәртібі», (2011) День отрады, «Седьмая верста» (2014), Бақытты болыңдар «Қазақпарат», (2014)Орман «Фолиант» (2015), Менің сәулелі сәттерім «Шығыс ақпарат» (2015). Ахметова өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады. Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *