АХМЕТОВ  ІЛИЯС

АХМЕТОВ  ІЛИЯС (1897 жыл Қарағанды облысы, Шет ауданы, 4-ауыл — 1938 жыл)- журналист, зерттеуші. 1919 жылы Семей педагогикалық курсын бітірген. Еңбек жолын бастауыш қазақ мектебінде мұғалім болып бастаған.Мәскеудегі Н.Нариманов атындағы Шығыстану институтының жапон бөлімшесін бітірген.Осында оқып жүріп «Еңбекші қазақ» газетінің Мәскеу мен Орынбордағы тілшісі қызметін атқарды.Ахметов 1926-1928 жылдары «Еңбекші қазақтың» тілшісі, бөлім меңгерушісі.1928-1931 жылдары аймақтық курстың оқытушысы, меңгерушісі (Қызылорда), Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы жұмысшы факультетінде ұстаз әрі Республикалық кітап палатасының қызметкері болды.1931-1933 жылдары Казпедтехникумда (Ташкент).1934- 1936 жылдары Мемлекеттік орталық кітапханада (Алматы) қызмет атқарды.Ахметов ұстаздықпен қатар, зерттеу жұмыстарымен айналысты, оқулықтар жазды. 1934 жылы «Қазақ» сөзінің шығу тегі туралы» зерттеу жазды. Жарық көрмеген бұл еңбектің (6,5 баспа табак) қолжазбасы сақтаулы.Ахметов 1936 жылдан бастап саяси қуғынға ұшырап, тұрақ-мекенін, жұмысын жиі ауыстырып отырды. Ақыры 1938 жылдың наурызында тұтқындалып, «Алашорда партиясының құрамында болып, кеңес үкіметін құлатуға бағытталған белсенді жұмыс жүргізді» деген жазамен атылды.А.Түркістан әскери округі Әскери трибуналының шешімімен ақталды. (16.6.1958).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *